"Аstаnа Кnоwlеdgе Сіtу" акционерлік коғамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 307 Қаулысы

Қолданыстағы

       Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Аtаnа Кnоwlеdgе Сitу» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) 100 пайыз мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакеті заңнамада белгіленген тәртіппен Астана қаласының коммуналдық меншігінен республикалық меншікке қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағында және 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген іс-шаралар аяқталғаннан кейін Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін «Назарбаев Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жарғылық капиталын төлеуге беруді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы ол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов