Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы;
2) көбейту жылдары бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының түрлеріне және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға 2011 жылға арналған бюджеттік субсидиялардың нормативтері;
3) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымының 1 тоннасына 2011 жылға арналған бюджеттік субсидиялардың нормативтері бекітілсін.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 наурыздағы
№ 297 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңында 082 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұқым шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде көзделген қаражат есебінен және шегінде өсімдік шаруашылығын дамытудың басым бағыттарын ескере отырып, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығын дамытуға арналған қаражатты (бұдан әрі - бюджеттік субсидиялар) пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Министрлік облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды бюджеттік бағдарламаны төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына (бұдан әрі - төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспары) және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі арасындағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес жүргізеді.
3. Бюджеттік субсидиялар:
1) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын өндіруге бірегей тұқымдарды өндірушілердің (бұдан әрі - бірегей тұқым өндірушілер) шығындарын ішінара өтеуге. Мақта тұқымын өндіру шығындарын ішінара өтеу кезінде 1 тоннаға субсидиялар мөлшері тұқымды өңдеу технологиясына (механикалық және (немесе) химиялық тазарту әдісіне) байланысты белгіленеді;
2) бірегей тұқым өндірушілердің жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жұмсалған шығындарын толық өтеуге;
3) тұқым шаруашылықтарының (бұдан әрі - тұқымшарлар) және тұқым тұтынушыларының жүгері, мақта және күнбағыс тұқымдарынан басқа нақты сатылып алынған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымы (Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасына сәйкес республиканың басқа облыстарынан әкелінетін тұқымдарды қоса алғанда) үшін шығындарын ішінара өтеуге. Егер тұқымшар бір уақытта элиталық тұқым шаруашылығы (бұдан әрі - элиттұқымшар) болса және І репродукциядағы тұқымды өндіру үшін өзі өндіретін элиталық тұқымды пайдаланса, тұқымшардың шығындарын ішінара өтеу I репродукциядағы тұқымды өндірудің жоспардағы көлемін қамтамасыз ету үшін элиталық тұқымның ғылыми негізделген қажеттілігін ескере отырып жүргізіледі;
4) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған мақтаның, жүгерінің, күнбағыстың элиталық тұқымының және жеміс дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерінің (бұдан әрі - элиталық көшеттер) құнын ішінара арзандатуға арналады. Мақтаның элиталық тұқымының құнын ішінара арзандату кезінде 1 тоннаға субсидиялар мөлшері тұқымды өңдеу технологиясына (механикалық және/немесе химиялық тазарту әдісіне) байланысты белгіленеді.
4. Осы Қағиданың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар аттестатталған бірегей тұқым өндірушілерге Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының нақты өндірілген көлемі үшін төленеді.
5. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын өндіру шығындарын ішінара өтеуді бюджеттік субсидиялау Министрлік элиталық тұқымдар алу үшін оларды өндірудің ғылыми негізделген нормаларына сәйкес көбейту жылдары бойынша тұқымның әрбір түріне әрбір бірегей тұқым өндіруші үшін белгілеген квоталар шеңберінде жүзеге асырылады.
6. Осы Қағиданың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар аттестатталған бірегей тұқым өндірушілерге жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салу және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету жөніндегі нақты орындалған іс-шаралар үшін төленеді.
7. Әрбір бірегей тұқым өндіруші үшін жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салу және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету алқабын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі - облыстың жергілікті атқарушы органы) өтінімдерін ескере отырып, Министрлік көп жылдық екпелер алқабына келетін телітушілерге қажеттіліктің ғылыми негізделген нормаларына сәйкес белгілейді.
8. Осы Қағиданың 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар аттестатталған тұқымшарларға және тұқым тұтынушыларға әрбір облыс, Астана және Алматы қалалары үшін әрбір тұқымның түрі бойынша Министрлік белгілеген квоталар шегінде Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берілген сорттардың элиталық тұқымының нарықтық құны бойынша нақты сатылып алынған көлемі үшін төленеді.
9. Осы Қағиданың 3-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар аттестатталған элиттұқымшарларға әрбір облыс, Астана және Алматы қалалары үшін тұқым мен көшеттің әрбір түрі бойынша Министрлік белгілеген квоталар шегінде мақтаның, жүгерінің, күнбағыстың Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берілген элиталық тұқымдары мен сорттардың көшеттерін арзандатылған бағамен отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге нақты сатылған көлемі үшін төленеді.
Элиттұқымшарлар мақтаның, жүгерінің, күнбағыстың элиталық тұқымдарын және көшеттерді отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге Министрліктің бұйрығымен белгіленген шекті бағадан аспайтын баға бойынша сатады.
10. Әрбір элиталық тұқымның түрі бойынша әрбір тұқымшарға және тұқым тұтынушыға, мақтаның, жүгерінің, күнбағыстың элиталық тұқымдары және көшеттің әрбір түрі бойынша әрбір элиттұқымшар үшін квоталарды белгіленген тәртіппен облыстардың жергілікті атқарушы органдары белгілейді.
11. Әрбір тұқымшар және тұқым тұтынушы үшін әрбір элиталық тұқымның түрі бойынша субсидиялар сомасын анықтау үшін әрбір ауданда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі - ауданның жергілікті атқарушы органы) шешімімен құрамына аудан әкімдігінің, ауданның ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің, Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының, қоғамдық және ғылыми ұйымдардың қызметкерлері кіретін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК) құрылады.
Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі - бөлім) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.
Бөлім тұқымшарлар мен тұқым тұтынушылардан құжаттар қабылдау мерзімін көрсете отырып, ВАК-тың жұмыс тәртібін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді.
12. Квоталардың белгіленген көлемінің орындалу барысын және бюджет қаражатын игерудің уақтылығын бақылау үшін облыстың жергілікті атқарушы органы Министрлікке ағымдағы жылдың 30 шілдесінен кешіктірмейтін мерзімде нақты жетістіктердің тікелей және түпкілікті нәтижелерін көрсетіп, бірінші жарты жылдықтың қорытындылары бойынша бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы аралық есепті, ал қорытынды есепті келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей береді.
Квоталардың белгіленген көлемі орындалмаған жағдайда дақылдар бөлінісінде республиканың облыстары үшін квоталарды қайта бөлуді Министрлік белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Егер квоталардың белгіленген көлемінің орындалмауы бюджеттік субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлуге әкелген жағдайда Министрлік Қазақстан Республикасының Үкіметіне заңнамада белгіленген тәртіппен 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде бюджеттік субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.
13. Элиттұқымшарлар элиталық тұқымдарды (мақтаның, жүгерінің және күнбағыстың тұқымынан басқа) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге нарықтық баға бойынша сатады.
2. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын өндіруге жіберілген шығындарды ішінара өтеуге және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жіберілген шығындарды толық өтеуге арналған бюджеттік субсидияларды пайдалану тәртібі
14. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінін бірегей тұқымдарын өндіруге жіберілген шығындарды ішінара өтеуге бюджеттік субсидиялар алу үшін:
1) бірегей тұқым өндірушілер тиісті жылдың 10 қарашасынан кешіктірмей облыстың жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды:
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын бірегей тұқым өндіруші нақты өндірген көлемі жөніндегі тізілімді;
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын кіріске алу актілерін;
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының егістігін сынақтан өткізу актілерін;
егістіктерді сынақтан өткізу туралы екі данадағы есепті;
тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы зертхананың (бұдан әрі - тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана) тексерілген тұқымның саны мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы анықтамасын ұсынады.
Химиялық әдіспен тазартылған мақтаның бірегей тұқымына субсидиялар алу үшін бірегей тұқым өндірушілер қосымша мақта тұқымын химиялық әдіспен өңдеуге арналған шарттардың көшірмелерін және химиялық әдіспен тазарту бойынша орындалған жұмыстар актілерін тапсырады;
2) облыстың жергілікті атқарушы органы ұсынылған құжаттардың шынайылығын тексереді, бірегей тұқым өндіруші нақты өндірген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының көлемі жөніндегі тізілімді бекітеді, облыс бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының нақты өндірілген көлемі жөнінде жиынтық тізілім жасайды және тиісті жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмейтін мерзімде белгіленген бюджеттік субсидиялар нормативтерінің негізінде бірегей тұқым өндірушілерге төленуі тиіс қаражаттың көлемін айқындайды.
15. Бірегей тұқым өндіруші нақты өндірген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының көлемі жөніндегі тізілімнің, облыс бойынша нақты өндірілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының көлемі жөніндегі жиынтық тізілімнің, республика бойынша нақты өндірілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын көлемі жөніндегі жиынтық тізілімнің, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын кіріске алу актісінің, тексерілген тұқымдардың саны мен сапасы туралы тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана анықтамасының нысандарын Министрлік белгілейді.
16. Облыстың жергілікті атқарушы органы бірегей тұқым өндірушілер ұсынған растаушы құжаттар негізінде осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдары үшін бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость жасайды.
17. Көрсетілген бюджеттік бағдарламаның төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес тиесілі сомаларды бірегей тұқым өндірушілердің ағымдағы шоттарына аудару үшін облыстың жергілікті атқарушы органы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада ақы төлеу шоттарының тізілімін және ақы төлеу шоттарын береді.
18. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жұмсалған шығындарды толық өтеу үшін:
1) бірегей тұқым өндірушілер жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салу және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету жөнінде келтірілген шығындар нәтижелері бойынша облыстың жергілікті атқарушы органына жасалған шарттардың және жұмсалған шығындар бойынша төлеу фактісін растайтын барлық құжаттардың, сондай-ақ кіріске алу актілерінің көшірмелерін тапсырады;
2) облыстың жергілікті атқарушы органы он жұмыс күні ішінде жасалған шарттардың және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салу және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету жөніндегі шығындарды растайтын құжаттардың шынайылығын тексереді және осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость жасайды.
Көрсетілген бюджеттік бағдарламаның төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес тиесілі сомаларды бірегей тұқым өндірушілердің ағымдағы шоттарына аудару үшін облыстың жергілікті атқарушы органы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада ақы төлеу шоттарының тізілімін және ақы төлеу шоттарын береді.
3. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің нақты сатып алынған элиталық тұқымдары үшін мақтадан, жүгеріден және күнбағыстан басқа, тұқымшарлар мен тұқым тұтынушылардың шығындарын ішінара өтеуге арналған бюджеттік субсидияларды пайдалану тәртібі
19. Нарықтық құн бойынша сатып алынған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымына бюджеттік субсидиялар алу үшін тұқымшарлар және тұқым тұтынушылар ВАК-қа:
1) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді;
2) заңды тұлғаны тіркеу туралы құжаттың көшірмесін (жеке тұлға үшін шаруа қожалығын құруға әкім шешімінің көшірмесін);
3) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмелерін;
4) Қазақстан Республикасының қорғалатын өсімдіктер сорттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдарын сатып алған жағдайда - лицензиялық шартты, ол бойынша патент иесі (лицензиар) тұқымшарға немесе тұқым тұтынушыға (лицензиатқа) Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы заңға сәйкес селекциялық жетістікті уақытша пайдалану құқығын береді;
5) ай сайын 1-күнге қарай элиттұқымшарлар бөлінісінде сатып алынған элиталық тұқымның саны мен сапасы туралы ақпарат;
6) элиталық тұқымдарды сатып алу фактісін растау үшін мынадай мерзімде: жаздық дақылдар бойынша тиісті жылдың 20 маусымына дейін, ал күздік дақылдар бойынша тиісті жылдың 10 қарашасына дейін:
тұқымшар немесе тұқым тұтынушы нақты сатып алған элиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді;
элиталық тұқымдардың сорттық және егу сапасын растайтын құжаттарды (тұқымның аттестатының көшірмесін);
тексерілген тұқымның саны мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана анықтамасының көшірмесін;
сатып алынған элиталық тұқымның бастапқы төлем құжаттарының, оның ішінде ішінара өтеуді растайтын, сондай-ақ тиеп жөнелтуге арналған жүкқұжаттың және шот-фактуралардың көшірмелерін;
элиттұқымшар мен сатып алушы арасындағы сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның саны туралы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартын ұсынады.
Бюджеттік субсидияны төлеу сатып алынған тұқым үшін тұқымның нарықтық құнының елу пайызынан кем емес мөлшерде ішінара төлем жасаған сатып алушыларға жүргізілуі мүмкін.
Бұл ретте тұқымшарлар мен тұқым тұтынушылар қалған сомаға төлем құжаттарының көшірмесін ВАК-ға құнын толық төлегеннен кейін, бірақ бюджеттік субсидияларды алған күнінен бастап 15 күннен кешіктірмей тапсырады.
Құнын толық төлеу шарттары орындалмаған жағдайда тұқымшарлар мен тұқым тұтынушылар алған бюджеттік субсидияларды өз еркімен қайтарады.
Элиталық тұқымды сатып алу-сату шарты төрт данада жасалады: біріншісі - элиттұқымшар үшін, екіншісі - сатып алушы үшін, үшіншісі - ауданның жергілікті атқарушы органы үшін, төртіншісі - облыстың жергілікті атқарушы органы үшін.
20. Егер тұқымшар бір уақытта элиттұқымшар болып табылса және I репродукциядағы тұқымды өндіру үшін өзі өндіретін элиталық тұқымды пайдаланған жағдайда, тұқымшар элиталық тұқымға бюджеттік субсидиялар алу үшін:
1) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді;
2) осы Қағиданың 22-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың тізбесін;
3) ай сайын 1-күнге қарай тұқымшар пайдаланған элиталық тұқымның саны мен сапасы туралы ақпаратты;
4) элиталық тұқымдарды пайдалану фактісін растау үшін мынадай мерзімде: жаздық дақылдар бойынша тиісті жылдың 20 маусымына дейін, ал күздік дақылдар бойынша тиісті жылдың 10 қарашасына дейін:
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиттұқымшар нақты өндірген элиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді;
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдарын кіріске алу актісін;
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдары егілген егістіктерді сынақтан өткізу туралы актіні;
егістіктерді сынақтан өткізу туралы екі данадағы есепті;
тексерілген тұқымның саны мен сапасының мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың анықтамасын тапсырады.
21. ВАК тапсырылған құжаттарды тексергеннен кейін осы Қағидаға 5-қосымшаға және/немесе 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір тұқымшарға және тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша алдын ала квоталарды қалыптастырады және оны ауданның жергілікті атқарушы органына бекітуге жібереді.
Егер тұқымды сатып алуға арналған өтінімнің сомасы бөлінген бюджеттік қаражаттың сомасынан артық болса, онда әрбір элиталық тұқымның түрі бойынша квоталар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдерінде көрсетілген егістік көлеміне барабар бөлінеді.
22. Ауданның жергілікті атқарушы органы екі жұмыс күні ішінде әрбір тұқымшарға және/немесе тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбір түріне алдын ала жасалған квоталарды бекітеді.
23. Бөлім үш жұмыс күні ішінде облыстың жергілікті атқарушы органына ауданның жергілікті атқарушы органы бекіткен әрбір тұқымшарға және тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша алдын ала жасалған квоталдарды, сондай-ақ жаздық дақылдар бойынша тиісті жылдың 1 шілдесіне дейінгі, ал күздік дақылдар бойынша тиісті жылдың 20 қарашасына дейінгі мерзімде бюджеттік субсидиялар төлеудің негіздемесін растайтын мынадай құжаттарды:
тұқымшар және/немесе тұқым тұтынушы нақты сатып алған элиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді;
элиттұқымшар мен сатып алушы арасындағы сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның саны туралы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартын;
тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың тексерілген тұқымның саны мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы анықтамасын тапсырады.
Егер тұқымшар бір уақытта элиттұқымшар болып табылса және I репродукциядағы тұқымды өндіру үшін өзі өндіретін элитаны пайдаланған жағдайда:
ауыл шаруашылығы өсімдіктері элиталық тұқымдарының элиттұқымшар нақты өндірген көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді;
тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың тексерілген тұқымның саны мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы анықтамасын ұсынады.
24. Облыстың жергілікті атқарушы органы:
он бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді, мыналарды жасайды және бекітеді:
а) әрбір тұқымшарға және тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша квоталарды;
б) облыс бойынша нақты сатып алынған элиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық актіні;
облыс бойынша элиталық тұқымдардың нақты сатып алынған көлемі жөнінде бекітілген жиынтық актілер бойынша, онда көрсетілген элиталық тұқымдардың көлемі мен бюджеттік субсидиялардың бекітілген нормативтері негізінде тиесілі бюджет қаражатының көлемін анықтайды. Пайыздық ара қатынаста бюджеттік субсидиялардың нормативтері сатып алынған тұқымның толық құнының 40 %-ын құрауы, бірақ осы қаулымен бекітілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымының 1 тоннасына 2011 жылға арналған бюджеттік субсидиялар нормативтерінен артық болмауы тиіс;
әрбір тұқымшарға және тұқым тұтынушыға белгіленген квоталар шегінде нақты сатып алынған элиталық тұқым үшін тұқымшарлардың және тұқым тұтынушылардың шығындарын ішінара өтеуге бюджеттік субсидияларды төлеу үшін осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость жасайды.
25. Тұқымшар бір уақытта элиттұқымшар болған және I репродукциядағы тұқымды өндіру үшін өзі өндіретін элиталық тұқымды пайдаланған жағдайда облыстың жергілікті атқарушы органы:
он бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді, мыналарды жасайды және бекітеді:
а) әрбір тұқымшарға элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша квоталарды;
б) облыс бойынша нақты сатып алынған элиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық актіні;
облыс бойынша элиталық тұқымдардың нақты өндірілген көлемі жөнінде бекітілген жиынтық актілер бойынша, онда көрсетілген элиталық тұқымдардың көлемі мен бюджеттік субсидиялардың бекітілген нормативтері негізінде тиесілі бюджет қаражатының көлемін анықтайды;
әрбір тұқымшарға белгіленген квоталар шегінде нақты өндірілген элиталық тұқымдар үшін тұқымшарлардың шығындарын ішінара өтеуге бюджеттік субсидияларды төлеу үшін осы Қағидаға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость жасайды.
26. Ұсынылып отырған элиталық тұқымдарды сатып алу-сату шартының, тұқымшар немесе тұқым тұтынушы нақты сатып алған элиталық тұқымның көлемі жөніндегі жиынтық тізілімнің, облыс бойынша нақты сатып алынған элиталық тұқымның көлемі жөніндегі жиынтық актінің, химиялық әдіспен тазалау туралы жұмыстың орындалғаны жөніндегі актінің, ауыл шаруашылығы өсімдіктері элиталық тұқымдарының тұқымшар нақты өндірген көлемі туралы тізілімнің, облыс бойынша нақты өндірілген элиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық актінің нысандарын Министрлік бекітеді.
27. Облыстың жергілікті атқарушы органы төлемдер бойынша көрсетілген бюджеттік бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидиялар төлеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада ақы төлеу шоттарының тізілімін және ақы төлеу шоттарын береді.
4. Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған мақтаның, жүгерінің және күнбағыстың элиталық тұқымдары мен көшеттердің құнын ішінара арзандатуға арналған бюджеттік субсидияларды пайдалану тәртібі
28. Арзандатылған құн бойынша сатылған мақтаның, жүгерінің және күнбағыстың элиталық тұқымдары мен көшеттерге (бұдан әрі - элиталық тұқымдар мен көшеттер) бюджеттік субсидиялар алу үшін:
1) Қазақстан Республикасының қорғалатын өсімдіктер сорттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдары мен көшеттері белгіленген квоталар шегінде сатылған жағдайда, элиттұқымшарлар ауданның жергілікті атқарушы органына лицензиялық шартты береді, ол бойынша патент иесі (лицензиар) элиталық тұқым шаруашылығына (лицензиатқа) Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы заңға сәйкес селекциялық жетістікті уақытша пайдалану құқығын береді;
3) элиттұқымшарлар ай сайын 1-күнге қарай ауданның жергілікті атқарушы органына сатып алушылар бөлінісінде сатылған элиталық тұқымдар мен көшеттердің саны мен сапасы туралы ақпарат береді;
3) элиттұқымшарлар элиталық тұқымдар мен көшеттерді сату фактісін растау үшін тиісті жылдың 20 маусымына дейін ауданның жергілікті атқарушы органына:
элиттұқымшар нақты сатқан элиталық тұқымдар мен көшеттердің көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді;
элиталық тұқымдар мен көшеттерді өндіруге арналған бастапқы материалдың шығу тегін растайтын құжаттарды (сынақтан өткізу актісі және сынақтан өткізу туралы есепті, ал көбейту питомниктерінің тұқымдары мен суперэлитаны сатып алған жағдайда - тұқымға арналған аттестаттың көшірмесін);
тексерілген тұқымның (көшеттерді қоспағанда) саны мен сапасының стандарттардың талаптарына сәйкестігі туралы тұқымдардың сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың анықтамасын;
сатылған элиталық тұқымдар мен көшеттердің бастапқы төлем құжаттарының, сондай-ақ көшеттерді тиеп жөнелтуге арналған жүкқұжаттың және шот-фактуралардың көшірмелерін;
элиттұқымшар мен сатып алушының арасындағы сатылған және сатып алынған элиталық тұқымдар мен көшеттердің көлемі туралы элиталық көшеттерді сатып алу-сату шартын ұсынады.
Элиталық тұқымдар мен көшеттерді сатып алу-сату шарты төрт данада жасалады: біріншісі - элиттұқымшар үшін, екіншісі - сатып алушы үшін, үшіншісі - ауданның жергілікті атқарушы органы үшін, төртіншісі - облыстың жергілікті атқарушы органы үшін.
Химиялық әдіспен тазартылған мақтаның тұқымын отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арзандатылған бағамен сатқан элиттұқымшарлар бюджеттік субсидиялар алу үшін қосымша мақта тұқымын химиялық әдіспен өңдеуге арналған шарттардың көшірмелерін және химиялық әдіспен тазарту бойынша орындалған жұмыстардың актісін тапсырады;
4) ауданның жергілікті атқарушы органы ұсынылған бастапқы төлем құжаттарының көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады және өзінің мөрімен куәландырады. Куәландырылған бастапқы төлем құжаттарының көшірмелері, элиталық тұқымдар мен көшеттердің нақты сатылған көлемі жөніндегі жиынтық тізілімнің бір данасы және сатып алу-сату шартының бір данасы ауданның жергілікті атқарушы органында сақтауға тапсырылады;
5) ауданның жергілікті атқарушы органы тиісті жылдың 1 шілдесіне дейін облыстың жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды:
элиттұқымшар нақты сатқан элиталық тұқымдар мен көшеттер көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді;
элиттұқымшар мен сатып алушы арасындағы сатылған және сатып алынған элиталық тұқымдар мен көшеттердің саны туралы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартын тапсырады;
тексерілген тұқымның (көшеттерді қоспағанда) саны мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы тұқымдардың сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың анықтамасын;
6) облыстың жергілікті атқарушы органы:
он бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді, облыс бойынша элиталық тұқымдар мен көшеттердің нақты сатылған көлемі жөніндегі жиынтық актіні жасайды және бекітеді;
облыс бойынша элиталық тұқымдар мен көшеттердің нақты сатылған көлемі жөнінде бекітілген жиынтық актілер бойынша, онда көрсетілген элиталық тұқымдар мен көшеттердің көлемі мен бекітілген бюджеттік субсидиялар нормативтері негізінде тиесілі бюджет қаражатының көлемін анықтайды;
әрбір элиттұқымшарға белгіленген квоталар шегінде осы Қағидаға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған элиталық тұқымдар мен көшеттер құнын ішінара өтеуге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомость жасайды;
7) ұсынылып отырған элиталық тұқымдар мен көшеттерді сатып алу-сату шартының, элиттұқымшар нақты сатқан элиталық тұқымдар мен көшеттердің көлемі жөніндегі жиынтық тізілімнің, облыс бойынша сатылған элиталық тұқымдар мен көшеттердің көлемі жөніндегі жиынтық актінің нысандарын Министрлік бекітеді.
29. Облыстың жергілікті атқарушы органы төлемдер бойынша көрсетілген бюджеттік бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидиялар төлеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада ақы төлеу шоттарының тізілімін және ақы төлеу шоттарын береді.
30. Ай сайын 5-күнге қарай, бірақ тиісті жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей облыстың жергілікті атқарушы органы Министрлікке тұқым шаруашылығын дамытуға бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомостардың және жиынтық ведомостардың көшірмелерін, бюджеттік субсидиялардың төленген көлемі туралы есепті ұсынады.
31. Бюджеттік субсидияларды төлеу тиімділік, қол жетімдік, жариялылық және айқындық қағидаттарымен жүзеге асырылады.
082 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұқым шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша тұқым шаруашылығын қолдауға бөлінген субсидиялар туралы ақпарат осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылына бір рет, тиісті жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей облыстардың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастырылады.
5. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау
32. Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің тұқым шаруашылығы бойынша мемлекеттік инспекторлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
33. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Министрлік нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттердің уақтылы аударылмағаны үшін жауапты болады.
34. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бірінші басшылары нысаналы трансферттерді нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес келмейтіндей пайдаланғаны, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті табыс етпегені үшін жауапты болады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 наурыздағы
№ 297 қаулысымен
бекітілген
Көбейту жылдары бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының түрлеріне және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға 2011 жылға арналған бюджеттік субсидиялардың нормативтері
Р/с |
Өнімнің түрі, іс-шаралар |
1 тоннаға (гектарға) арналған бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге |
1 |
2 |
3 |
Көбейту питомниктері мен аналық нысандар |
||
1 |
Жүгері мен күріштен басқа, дәнді және дәнді бұршақты дақылдар |
55187 |
2 |
Жүгері |
332808 |
3 |
Күріш |
76269 |
4 |
Қытайбұршақ |
161907 |
5 |
Күнбағыс |
412262 |
6 |
Басқа майлы дақылдар |
161907 |
7 |
Картоп |
124241 |
8 |
Көп жылдық шөптер: |
|
бұршақты |
571733 |
|
дәнді |
219436 |
|
9 |
Бір жылдық шөптер |
56967 |
10 |
Қант қызылшасы |
2728800 |
11 |
Мақта: |
|
механикалық әдіспен тазаланған кезде |
212128 |
|
химиялық әдіспен тазаланған кезде |
305583 |
|
12 |
Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салу |
1323723,4 |
13 |
Салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету |
1126047,2 |
Суперэлита |
||
1 |
Жүгері мен күріштен басқа, дәнді және дәнді бұршақты дақылдар |
12072 |
2 |
Жүгері |
72802 |
3 |
Күріш |
18300 |
4 |
Күнбағыс |
90182 |
5 |
Қытайбұршақ |
35417 |
6 |
Басқа майлы дақылдар |
35417 |
7 |
Картоп |
27178 |
8 |
Көп жылдық шөптер: |
|
бұршақты |
125067 |
|
дәнді |
48002 |
|
9 |
Біржылдық шөптер |
12462 |
10 |
Қант қызылшасы |
1000000 |
11 |
Көкөніс |
878400 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 наурыздағы
№ 297 қаулысымен
бекітілген
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымының
1 тоннасына 2011 жылға арналған бюджеттік субсидиялардың нормативтері
Р/с № |
Өнімнің түрі |
Элиталық тұқымның 1 тоннасына (данаға) бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге (дейін) |
1 |
2 |
3 |
1 |
Жұмсақ бидай |
19330 |
2 |
Қатты бидай |
20160 |
3 |
Қара бидай |
19330 |
4 |
Арпа |
15080 |
5 |
Сыра дайындауға арналған арпа |
15900 |
6 |
Сұлы |
15080 |
7 |
Тары |
18400 |
8 |
Қарақұмық |
21120 |
9 |
Жүгері: |
103600 |
ерте пісетін бірінші ұрпағының будандары, бірінші көбейтілген будандық популяциялар |
67200 |
|
10 |
Күріш |
44800 |
11 |
Асбұршақ |
20600 |
12 |
Ноқат |
21280 |
13 |
Қытайбұршақ |
21200 |
14 |
Басқа дәнді бұршақты дақылдар |
15000 |
15 |
Күнбағыс: |
168000 |
бірінші ұрпағының будандары |
140000 |
|
16 |
Рапс |
78080 |
17 |
Басқа майлы дақылдар |
42744 |
18 |
Картоп |
40000 |
19 |
Көкөніс |
420000 |
20 |
Көп жылдық шөптер: |
|
бұршақты |
170000 |
|
дәнді |
65584 |
|
21 |
Біржылдық шөптер |
30000 |
22 |
Қант қызылшасы |
1500000 |
23 |
Бірінші өсімпаздықты қоса алғанда, мақта: |
|
механикалық әдіспен тазаланған кезде |
45000 |
|
химиялық әдіспен тазаланған кезде |
138455 |
|
24 |
Жеміс дақылдарының көшеттері |
140 |
25 |
Жүзім көшеттері |
90 |
Қағидаға
1-қосымша
Бекітемін
______________________________облысы
(Астана және Алматы қалалары)
Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
____________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
20 жылғы « »
20___жылғы «__ » _______ - «___»_______________кезеңінде өндірілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдары үшін бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость
Ауданның атауы |
Бірегей тұқым өндірушінің атауы |
Дақыл |
Өсімпаздық |
Бірегей тұқым өндірудің жылдық квотасы |
Бюджеттік субсидиялауға құжаттар тапсырылған бірегей тұқымның нақты көлемі, тонна |
||
тонна |
сомасы, теңге |
жыл басына бері |
20_ж. «__»__ - «___»____ кезеңінде |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Жиыны: |
кестенің жалғасы
Өндірілген бірегей тұқымдардың 1 тоннасына арналған бюджеттік субсидиялар нормативі теңге |
Жыл басынан бері тиесілі бюджетті субсидиялар сомасы, теңге |
Жыл басына бері төленгені, теңге |
Тиесілі бюджетті субсидиялар сомасының қалдығы, теңге |
20_ж. «___»______ арналған квота шегінде төлеуге жататыны, теңге |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
____________облысының
(Астана және Алматы қалаларының)
Ауыл шаруашылығы басқармасы
құрылымдық бөлімшесінің басшысы (Т.А.Ә., қолы)
Қағидаға
2-қосымша
Бекітемін
_____________________________облысы
(Астана және Алматы қалалары)
Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
________________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
20 жылғы « »
20___жылғы «___»_________ - «___ »__________________ кезеңінде
жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость
Ауданның атауы |
Бірегей тұқым өндірушінің атауы |
Дақыл |
Іс-шара атауы (салу және/ немесе қызмет көрсету) |
Салудың және/немесе қызмет көрсетудің жылдық квотасы |
Салынатын және/немесе қызмет көрсетудің нақты көлемі, га |
||
га |
сомасы (теңге) |
жыл басынан бері |
20_ж. «__»___ - «___»____ кезеңі де |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Жиыны: |
кестенің жалғасы
Салудың және/немесе қызмет көрсетудің 1 гектарына арналған бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге |
Жыл басынан бері тиесілі бюджеттік субсидиялар сомасы, теңге |
Жыл басынан бері төленгені, теңге |
Тиесілі бюджетті субсидиялар сомасының қалдығы, теңге |
20_ж. «___»______ арналған квота шегінде төлеуге жататыны, теңге |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
_________________________________облысының
(Астана және Алматы қалаларының)
Ауыл шаруашылығы басқармасы
құрылымдық бөлімшесінің басшысы (Т.А.Ә., қолы)
Қағидаға
3-қосымша
_______________________________ ауданының
(Астана, Алматы және облыстық маңызы бар
қалалардың) ведомствоаралық комиссиясына
Нарықтық құны бойынша сатып алынған
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдарына
бюджеттік субсидиялар алуға өтінім
1._______________________________________негізінде әрекет ететін
(құрылтай құжаты)
_____________________________________________________________атынан
(ауылшартауарын өндіруші)
бірінші басшы____________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
осымен___________тонна мөлшерінде сатып алынған және егіс жұмыстарын
жүргізуге пайдаланылған__________________________________________
(ауыл шаруашылығы дақылы, сорты, көбейтілуі)
тұқымын сатып алуға жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге бюджеттік субсидия бөлуді сұрайды.
2. Пайдалану мақсатының қысқаша сипаттамасы:___________________
_______________________________________________________________
3. Өтінімге мыналар қоса беріліп отыр:
заңды тұлғаны тіркеу туралы құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін - әкімінің шаруа қожалығын құруға арналған шешімінің көшірмесі);
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі;
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі;
статистикалық картаның көшірмесі;
шот-фактуралар, төлем құжаттары, тауарлық-көлік жүкқұжаттары және басқа да растайтын құжаттар;
ағымдағы шоттың бар екендігі туралы екінші деңгейдегі банктің анықтамасы.
Тұқымшардың немесе тұқым тұтынушының заңды мекенжайы
және банктік деректемелері______________________________________
__________________________________________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
Қағидаға
4-қосымша
______________________________ауданының
(Астана, Алматы және облыстық маңызы бар қалалардың)
ведомствоаралық комиссиясына
I репродукциялы тұқым өндіруде өзі өндірген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдарын пайдаланғаны үшін бюджеттік субсидиялар алуға өтінім
1.____________________________________негізінде әрекет ететін
(құрылтай құжаты)
_____________________________________________________________атынан
(ауылшартауарын өндіруші)
бірінші басшы____________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
осымен_________тонна мөлшерінде егіс жұмыстарын жүргізуге
пайдаланылған______________________________________________________
(ауыл шаруашылығы дақылы, сорты, көбейтілуі)
I репродукциялы тұқым өндіру кезінде пайдаланылған өзінің өндірісіндегі элиталық тұқым үшін субсидия бөлуді сұрайды.
2. Пайдалану мақсатының қысқаша сипаттамасы:_____________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
3. Өтінімге мыналар қоса беріліп отыр:
заңды тұлғаны тіркеу туралы құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін - әкімнің шаруа қожалығын құруға арналған шешімінің көшірмесі);
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі;
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі;
статистикалық картаның көшірмесі;
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдарын кіріске алу актісінің көшірмесі;
басқа растайтын құжаттар;
ағымдағы шоттың бар екендігі туралы екінші деңгейдегі банктің анықтамасы.
Тұқымшардың заңды мекенжайы
және банктік деректемелері______________________________________
(Т.А.Ә.,қолы, мөрі)
Қағидаға
5-қосымша
Бекітемін
___________________облысы
(Астана және Алматы қалаларының)
_________________________ауданының әкімі
________________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
20 жылғы « »
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің нарықтық құны бойынша сатып алынған элиталық тұқымдары үшін бюджеттік субсидиялар алу үшін 2011 жылға әрбір тұқымшарға және тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша алдын-ала квоталар
Р/с |
Тұқымшар немесе тұқым тұтынушының атауы |
Субьектінің мәртебесі (тұқымшар немесе тұқым тұтынушы) |
Дақыл |
Сорт, будан |
Өсімпаздық |
Квотаны белгілеуге арналған тұқымшардың немесе тұқым тұтынушының өтінімі |
|
тонна |
сатып алынған 1 тоннаның нарықтық құны, теңге |
||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Облыс бойынша барлығы |
кестенің жалғасы
ВАК белгілеген алдын ала квота |
||
тонна |
1 тоннаға субсидия нормативі, теңге |
барлық көлемге тиесілі сомма, теңге |
9 |
10 |
11 |
ВАК төрағасы____________________________
Т.А.Ә., қолы, мөрі)
ВАК мүшелері____________________________ _______________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі) (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
___________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
Қағидаға
6-қосымша
Бекітемін
__________________________________облысы
(Астана және Алматы қалаларының)
___________________________ауданының әкімі
__________________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
20 жылғы « »
I репродукциялы тұқымдарды өндіру кезіндегі өзіндік өндірілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдарын пайдаланғанына бюджеттік субсидиялар алу үшін 2011 жылға әрбір тұқымшар үшін элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша алдын-ала квоталар
Р/с |
Тұқымшар немесе тұқым тұтынушы атауы |
Субъектінің мәртебесі (тұқымшар немесе тұқым тұтынушы) |
Дақыл |
Сорт, будан |
Өсімпаздық |
Квотаны белгілеуге арналған тұқымшар өтінімі |
|
тонна |
1 тоннаның нарықтық құны, теңге |
||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Облыс бойынша барлығы |
кестенің жалғасы
ВАК белгіленген алдын ала квота |
||
тонна |
1 тоннаға субсидия норматив, теңге |
барлық көлемге тиесілі сома, теңге |
9 |
10 |
11 |
ВАК төрағасы____________________________
Т.А.Ә., қолы, мөрі)
ВАК мүшелері____________________________ _______________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі) (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
___________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
Қағидаға
7-қосымша
Бекітемін
__________________облысы
(Астана және Алматы қалалары)
Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
20 жылғы « »
20___жылғы «___ » ________ - «____ »________ кезеңінде тұқымшарлардың және тұқым тұтынушылардың нақты сатып алынған элиталық тұқымдар үшін шығындарын ішінара өтеуге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомость
Ауданның атауы |
Тұқымшар немесе тұқым тұтынушы атауы |
Субъектінің мәртебесі (тұқымшар немесе тұқым тұтынушы) |
Дақыл |
Сатып алын ған күні |
Элиталық тұқымды сатып алудың жылдық квотасы |
Бюджеттік субсидиялауға құжаттар тапсырылған элиталық тұқымның нақты сатып алынған көлемі, тонна |
||
тонна |
сомасы, (теңге) |
жыл басынан бері |
20__ж. «___»______ - «____»_______ кезеңінде |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
ЖИЫНЫ: |
кестенің жалғасы
Сатып алынған элиталық тұкымдардың 1 тоннасына арналған бюджеттік субсидиялар нормативі теңге |
Жыл басынан бері тиесілі бюджеттік субсидиялар сомасы, теңге |
Жыл басынан бері төленген, теңге |
Тиесілі бюджеттік субсидиялар сомасының қалдығы, теңге |
20__ж. «___»______ арналған квота шегінде төлеуге жататыны, теңге |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
______________________________облысынын/
(Астана және Алматы қалаларының)
Ауыл шаруашылығы басқармасы
құрылымдық бөлімшесінің басшысы (Т.А.Ә., қолы)
Қағидаға
8-қосымша
Бекітемін
______________________________облысы
(Астана және Алматы қалалары)
Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
_______________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
20 жылғы « »
20___жылғы «___ » ________ - «____ »________
кезеңінде
өндірілген элиталық тұқымдар үшін тұқымшарлардың шығынын ішінара өтеуге бюджеттік субсидиялар
төлеу үшін жиынтық ведомость
Ауданның атауы |
Әлиталық тұқым өндірушінің атауы |
Дақыл |
Өсімпаздық |
Элиталық тұқымды өндірудің жылдық квотасы |
Бюджеттік субсидиялауға құжаттар тапсырылған элиталық тұқымның нақты көлемі, тонна |
Өндірілген элиталық тұқымдардың 1 тоннасына арналған бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге |
||
тонна |
сомасы, (теңге) |
жыл басынан бері |
20__ж. «___»______ - «____»_______ кезеңінде |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
ЖИЫНЫ: |
кестенің жалғасы
Жыл басынан бері тиесілі бюджеттік субсидиялар сомасы, теңге |
Жыл басынан бері төленгені, теңге |
Тиесілі бюджеттік субсидиялар сомасының қалдығы, теңге |
20__ж. «___»______ арналған квота шегінде төлеуге жататыны, теңге |
10 |
11 |
12 |
13 |
________________________________облысының
(Астана және Алматы қалаларының)
Ауыл шаруашылығы басқармасы
құрылымдық бөлімшесінің басшысы (Т.А.Ә., қолы)
Қағидаға
9-қосымша
Бекітемін
_________________________облысы
(Астана және Алматы қалалары)
Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
______________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
20 жылғы « »
20__ж. «___»______ - «____»_______ кезеңінде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған элиталық тұқымдар мен көшеттер құнын ішінара арзандатуға бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомость
Ауданның атауы |
Элит тұкымшар атауы |
Дакыл |
Сатылған күні |
Элиталық тұқымдар мен көшеттерді сатудың жылдық квотасы |
Бюджеттік субсидиялауға құжаттар тапсырылған элиталық тұқымдар мен көшеттердің нақты сатылған көлемі, тонна/дана |
Сатылған элиталық тұқымдар мен көшеттерді 1 тоннасына (данасына арналған бюджеттік субсидиялар нормативі теңге |
||
тонна (дана) |
сомасы, (теңге) |
жыл басынан бері |
20__ж. «___»______ - «____»_______ кезеңінде |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
ЖИЫНЫ: |
кестенің жалғасы
Жыл басынан бері тиесілі бюджетті субсидиялар сомасы, теңге |
Жыл басынан бері төленгені теңге |
Тиесілі бюджетті субсидиялар сомасының қалдығы, теңге |
20__ж. «___»______ арналған квота шегінде төлеуге жататын, теңге |
10 |
11 |
12 |
13 |
_________________________________облысының
(Астана және Алматы қалаларының)
Ауыл шаруашылығы басқармасы
құрылымдық белімшесінің басшысы (Т.А.Ә., қолы)
Қағидаға
10-қосымша
Бекітемін
_______________________облысы
(Астана және Алматы қалалары)
Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
_____________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
20 жылғы « »
082 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұқым шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша тұқым шаруашылығын қолдауға бөлінген субсидиялар туралы ақпарат
Субсидия алушылардың атауы |
Субсидиилар берілетін іс-шаралардың атауы |
Жыл басынан бері тиесілі бюджеттік субсидиялар сомасы, теңге |
Нормативтік құқықтық құжаттың атауы, күні және нөмірі |
1 |
2 |
3 |
4 |
ЖИЫНЫ: |
_________________________________облысының
(Астана және Алматы қалаларының)
Ауыл шаруашылығы басқармасы
құрылымдық белімшесінің басшысы (Т.А.Ә., қолы)