"Экпорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе" интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 288 Қаулысы

Жаңартылған

      «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссия құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссия туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                        К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 30 наурыздағы
№ 288 қаулысымен  
бекітілген      

«Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Комиссияның мақсаты «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республиканың Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның негізгі міндеттері

      4. Комиссияның негізгі міндеттері ұсыныстар әзірлеу болып табылады:
      1) «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру бойынша экспорттық импорттық операцияларды жүзеге асыру үшін рұқсат беру құжаттарын беру функцияларына кіретін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) қызметін үйлестіру бойынша;
      2) «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссияның негізгі функциялары

      5. Комиссияның негізгі функциялары:
      1) «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе»  интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру бойынша;
      2) «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

4. Комиссияның құқықтары

      6. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары басшыларының және лауазымды адамдарының «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру бойынша олар жүргізіп жатқан жұмыс туралы есептерін тыңдауға;
      3) мемлекеттік органдардан, ведомстволар мен ұйымдардан қажетті  ақпарат сұратуға;
      4) уақытша және тұрақты жұмыс істейтін сараптау және жұмыс топтарын құруға құқылы.

5. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      7. Комиссияны төраға басқарады. Төраға болмаған уақытта немесе оның тапсырмасы бойынша оның функцияларын орынбасар орындайды.
      Комиссияның мүшелері отырыстарға ауыстыру құқығынсыз қатысады. Бұл ретте, Комиссияның отырыстарына шақырылған адамдар қатыса алады.
      8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      9. Комиссияның жұмыс жоспары мен отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және ол өткізілгеннен кейін хаттаманы ресімдеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
      10. Жұмыс жоспарын, отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ оларды өткізу орыны мен уақытын Комиссияның төрағасы бекітеді.
      11. Комиссия отырысының материалдары төрағамен келісілгеннен кейін Комиссияның әрбір мүшесіне отырысқа дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей жеткізіледі.
      12. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі және оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екі бөлігі қатысса, заңды болып саналады.
      13. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру жолымен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол айтылған жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және хаттамаға қоса берілуі тиіс.
      14. Комиссияның отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша хаттама жасалады.
      Комиссия отырыстары хаттамаларының орындалуын бақылауды оның жұмыс органы жүзеге асырады.

6. Комиссияның қызметін тоқтату

      15. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Комиссияның қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады. 

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің          
2011 жылғы 30 наурыздағы
№ 288 қаулысымен     
бекітілген         

«Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.06.06 № 633 Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.03.27 № 356 Қаулысымен.

Мәсімов                   Қазақстан Республикасының Премьер-
Кәрім Қажымқанұлы    -    Министрі, төраға

Орынбаев                  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Ербол Тұрмаханұлы    -    орынбасары, төрағаның орынбасары

Жәмішев                   Қазақстан Республикасының Қаржы министрі,
Болат Бидахметұлы    -    төрағаның орынбасары

Есенбаев             -    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Мәжит Төлеубекұлы         Кедендік бақылау комитетінің төрағасы,
                          хатшы

Исекешев                - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Әсет Өрентайұлы           жаңа технологиялар министрі

Сағынтаев            -    Қазақстан Республикасының Экономикалық
Бақытжан Әбдірұлы         даму және сауда министрі

Қаппаров             -    Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Нұрлан Жамбылұлы          қорғау министрі

Қасымов                   Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Қалмұханбет          -    министрі
Нұрмұханбетұлы

Қайырбекова               Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Салидат Зекенқызы    -    министрі

Мамытбеков                Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Асылжан Сарыбайұлы   -    министрі

Жұмағалиев           -    Қазақстан Республикасының Көлік және
Асқар Қуанышұлы           коммуникация министрі

Мыңбаев                   Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Сауат Мұхаметбайұлы  -    министрі

Имашев               -    Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Берік Мәжитұлы