Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 наурыздағы № 271 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2011 жылғы 24 наурыздағы  
№ 271 қаулысымен      
бекітілген          

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 4, 48-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентінде:
      бүкіл мәтін бойынша:
      «жеткізушіде (дайындаушыда, сатушыда)», «жеткізушінің (дайындаушының, сатушының)», «жеткізуші (дайындаушы, сатушы)» деген сөздер тиісінше «дайындаушыда (орындаушыда)», «дайындаушының (орындаушының)», «дайындаушы (орындаушы)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «түзеу іс-шараларын», «түзеу іс-шаралары» деген сөздер тиісінше «түзеу әрекеттерін», «түзеу әрекеттері» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «дайындаушы, сатушы» деген сөз «дайындаушы (орындаушы)» деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-тарауда:
      1-тармақтағы «(бұдан әрі нормативтік құжаттар)» деген сөздер алынып тасталсын;
      4-тармақта:
      «басқа да нормативтік құжаттың» деген сөздер «басқа да нормативтік құжаттардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақта:
      «сынақтарды» деген сөз «сәйкестікті растау саласындағы жұмыстарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) өнімнің сәйкестендірілуін жүргізуге, оның ішінде жіктеу топтамасына жататындығын, техникалық құжаттамаға сәйкестігін, шыққан жерін, осы партияға жататындығын, сондай-ақ өнімнің техникалық регламентке және нормативтік құжатқа, тауарға ілеспе құжатқа, жеткізуге арналған шартқа (келісімшартқа), ерекшелікке, затбелгіне, заттаңбаға және өнімді сипаттайтын басқа құжатқа сәйкестікті растау үшін жиынтығында жеткілікті белгілерді, параметрлері, көрсеткіштері және талаптары бойынша сәйкестігін тексеруге. Сәйкестендіру кезінде импорттаушының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері талаптарын өнімді таңбалауға қажетті ақпарат бөлігінде сақталуы ескертілуге тиіс;»;
      11-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сәйкестікті растау схемасын өтініш беруші сәйкестікті растау органымен бірлесіп анықтайды.»;
      26-тармақтағы «осы өнімге арналған нормативтік құжаттарда және зертхана құжаттарында белгіленеді» деген сөздер «зертхана белгілейді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      30-тармақтың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өндірістің жай-күйін талдау кезінде мыналар тексеріледі:»;
      48-тармақтың екінші бөлігіндегі «көлемі, мазмұны мен жүргізу тәртібі осы өнімге арналған нормативтік құжаттарда белгіленеді» деген сөздер «көлемін, мазмұны мен жүргізу тәртібін орган белгілейді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      85-тармақта:
      1) тармақшадағы «басқа да» деген сөздер алынып тасталсын;
      4) тармақшадағы «немесе кәсіпорын өндірісінің» деген сөздер алынып тасталсын;
      90-тармақтың 2) тармақшасында «89» деген сандар «85» деген сандармен ауыстырылсын;
      көрсетілген Техникалық регламентке 2-қосымшада:
      «инспекциялық тексеруге» деген сөздер «инспекциялық бақылаумен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген Техникалық регламентке 4-қосымшада:
      тақырыбындағы «200__ жылғы «____»___________ » деген сөздердің алдынан «20___ж. «____» ________ №______ өтінім бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген Техникалық регламентке 6-қосымшада:
      «Қызметтерді сертификаттау схемаларын қолдану» деген бөлімнің екінші абзацында «Кәсіпкер-азаматтар» деген сөздер «жеке кәсіпкерлер» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. «Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы № 159 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 8, 88-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде:
      1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын
      «Осы Техникалық регламенттің талаптары белгіленетін ПК өнімдерінің тізбесі осы Техникалық регламентке 9-қосымшада келтірілген.»;
      13-тармақтың 7) және 8) тармақшалары алынып тасталсын;
      «ПК өнімдердің қауіпсіздік талаптары» деген 4-бөлімнің «Сәйкестік презумпциясы» деген кіші бөлімі алынып тасталсын;
      «Үйлестірілген стандарттар тізбесі» деген 6-бөлім алынып тасталсын;
      көрсетілген техникалық регламентке 6-қосымшада:
      ескертпедегі тоғызыншы және оныншы абзацтарда «қатты сабындар; ерінге, қасқа, көзге арналған құрғақ қарындаштар;» деген сөздер алынып тасталсын;
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес 9-қосымшамен толықтырылсын.
      3. «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 қарашадағы № 1031 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 42, 478-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде:
      6-тармақтың 8) тармақшасы алынып тасталсын;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Өндіру кезінде қосылатын шикізат пен материалдардың, технологиялық үдерісінің және дайын өнімнің қауіпсіздігін бақылау мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Өнімді таңбалау «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламентіне сәйкес келуі тиіс, анық, тексерілетін, жеңіл оқылатын, сондай-ақ осы Техникалық регламенттің 2-қосымшасында көзделген оның түріне қарай өнімнің таңбалануына (затбелгі қойылуына) қойылатын қосымша талаптарды қамтуы тиіс.
      Экологиялық таза материалдардан дайындалған өнімге экологиялық таза өнімге арналған нормативтік құжаттамаға сәйкес белгі қойылуы тиіс.
      Импорттық өнімдер үшін: елі, өнімнің қайда дайындалғаны, фирмалық атауы және латын әліпбиін пайдалана отырып, шетелдік дайындаушының мекенжайын көрсетуге рұқсат етіледі.»;
      17-тармақ алынып тасталсын;
      12-бөлім алынып тасталсын;
      42-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) талшықтың барлық түрлерінен жасалған маталар және трикотаж жаймалар; тоқыма және трикотаж материалдарынан жасалған киімдер (үшінші қабат киімдерінен басқа), іш киім, асханалық, төсек, шомылу керек-жарақтар, шұлық-ұйық бұйымдары;»;
      көрсетілген Техникалық регламентке 1-қосымшада:
      «ҚР СЭҚ ТН Коды» деген бағандағы «ҚР» деген аббревиатура «КО» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      көрсетілген Техникалық регламентке 4-қосымшада:
      «Тоқыма және трикотаж материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» деген 1-кестеде:

«

Көйлек жейде тігін бұйымдары, тоқыма материалдардан жасалған жейденің барлық түрі

-

60

1014

300

»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

Көйлек жейде тігін бұйымдары мен жейденің түрлері

2

60

1014

300

»;

      «Тоқыма және трикотаж материалдардың және олардан жасалған бұйымдардың бояуға беріктік көрсеткіштері» деген 4-кестеде:

«

Тоқыма көрпе
Басқа тартатын орамалдар және соған ұқсас бұйымдар

Құрғақ жағдайда үйкеу

4

4

»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

Тоқыма көрпе, басқа тартатын орамалдар және соған ұқсас бұйымдар

Құрғақ жағдайда үйкеу

4

4

».

      көрсетілген Техникалық регламенттің 6-қосымшасы алынып тасталсын.

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2011 жылғы 24 наурыздағы  
№ 271 қаулысына        
қосымша            

«Парфюмерлік-косметикалық 
өнімдердің қауіпсіздігіне  
қойылатын талаптар»    
техникалық регламентіне  
9-қосымша           

Оларға қатысты осы Техникалық регламенттің талаптары белгіленетін өнім тізімі

Позицияның атауы

КО СЭҚ ТН коды

Конкреттерді және абсолюттерді қоса алғанда, эфир майлары (құрамында терпендер бар немесе жоқ); резиноидтер; экстрагирленген эфир майлары; майлардағы, ұшпайтын майлардағы, балауыздағы немесе анфлераж немесе мацераций әдісімен алынатын ұқсас өнімдердегі концентраттар; эфир майлары детерпенизациясының терпендік жанама өнімдері; су дистиляттары және эфир майларының су ерітінділері:

3301

- цитрус жемістерінің эфир майлары:


- - апельсиндік:

3301 12

- - - құрамында терпендер бар

3301 12 100 0

- - - құрамында терпендер жоқ

3301 12 900 0

- - лимондық:

3301 13

- - - құрамында терпендер бар

3301 13 100 0

- - - құрамында терпендер жоқ

3301 13 900 0

- - өзгелері:

3301 19

- - - құрамында терпендер бар

3301 19 200 0

- - - құрамында терпендер жоқ

3301 19 800 0

- эфир майлары, цитрус жемістерінің эфир майларынан басқа:


- - бұрыштық жалбыздық (Mentha piperita):

3301 24

- - - кұрамында терпендер бар

3301 24 100 0

- - - құрамында терпендер жоқ

3301 24 900 0

- - жалбыздың басқа түрлерінің:

3301 25

- - - құрамында терпендер бар

3301 25 100 0

- - - құрамында терпендер жок

3301 25 900 0

- - өзгелері:

3301 29

- - - қалампырлық, неролийлік және иланг-иланговалық:


- - - - құрамында терпендер бар

3301 29 110 0

- - - - құрамында терпендер жоқ

3301 29 310 0

- - - өзгелері


- - - - құрамында терпендер бар

3301 29 410 0

- - - - құрамында терпендер жоқ


- - - - - геранийлі; ветерийлі; жасминді

3301 29 710 0

- - - - - лавандалы немесе лавандинді

3301 29 790 0

- - - - - өзгелері

3301 29 910 0

- резиноидтар

3301 30 000 0

- өзгелері:

3301 90

- - эфир майлары детерпенизациясының терпендік жанама өнімдері

3301 90 100 0

- - экстрактелген эфир майлары


- - - лакрица мен хмельден

3301 90 210 0

- - - өзгелері

3301 90 300 0

- - өзгелері

3301 90 900 0

Әтір және иіс сулар:

3303 00

- әтір

3303 00 100 0

- иіс сулар

3303 00 900 0

Косметикалық құралдар және макияжға арналған заттар, тері күтіміне арналған заттар (дәріліктерден басқа), күнге күю және күнге күюге қарсы заттарды, маникюр мен педикюр заттарын қoca алғанда:

3304

- ерінге макияж жасауға арналған заттар

3304 10 000 0

- көзге макияж жасауға арналған заттар

3304 20 000 0

- маникюрге немесе педикюрге арналған заттар

3304 30 000 0

- өзгелері:


- - жинақысын қоса алғанда, опа

3304 91 000 0

- - өзгелері:

3304 99 000 0

Шашқа арналған заттар:

3305

- су сабындар

3305 10 000 0

- перманенттік бұйралауға немесе шашты тіктеуге арналған заттар

3305 20 000 0

- шаш лактары

3305 30 000 0

- өзгелері:

3305 90

- - шаш лосьондары

3305 90 100 0

- - өзгелері

3305 90 900 0

Tic протездерін бекітетін ұнтақтар мен пасталарды коса алғанда, ауыз қуысы немесе тістердің тазалығына арналған заттар:

3306

- тіс тазалайтын заттар

3306 10 000 0

- өзгелері

3306 90 000 0

Қырынардан бұрын, қырыну кезінде немесе қырынғаннан кейін пайдаланылатын құралдар, жеке мақсаттағы дезодоранттар, ванна қабылдауға арналған құрамдар, шаш алатын құралдар және басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген өзге де парфюмерлік, косметикалық және иіс заттары, ароматтандырылған немесе ароматтандырылмаған, дезинфекциялық қасиеттері бар немесе жоқ үй-жайларға арналған дезодоранттар:

3307

- қырынардан бұрын, қырыну кезінде немесе қырынғаннан кейін пайдаланылатын құралдар

3307 10 000 0

- жеке мақсаттағы дезодоранттар мен антиперспиранттар

3307 20 000 0

- ароматтандырылған тұздар мен ванна қабылдауға арналған өзге де құрамдар

3307 30 000 0

Сабын, сабын құрамында бар немесе жоқ қалыпты бұйымдар түрінде немесе тілімдер, кесек қалпында сабын сапасына пайдаланылатын жоғары-активті органикалық заттар мен құралдар; сабын құрамында бар немесе жоқ бөлшек сату үшін бөлінген және сұйық немесе крем түрінде теріні жууға арналған жоғары-активті органикалық заттар мен құралдар; қағаз, мақта, киіз немесе фетр және сабынмен немесе жуу құралы сіңдірілген немесе жағылған мата емес материалдар:

3401

- сабын және қағаз, мақта, киіз немесе фетр және сабынмен немесе жуу құралы сіңдірілген немесе жағылған мата емес материалдар және қалыпты бұйымдар түрінде немесе тілімдер, кесек қалпында жоғары-активті органикалық заттар мен құралдар:


- - иіс сабын (дәрілік бұйымдар қосылған сабынды қоса)

3401 11 000 0

- - өзгелері

3401 19 000 0

- өзге қалыптардағы сабындар:

3401 20

- - жапалақ қауыз, вафли, түйіршік немесе ұнтақ

3401 20 100 0

- - өзгелері

3401 20 900 0

- сабын құрамында бар немесе жоқ бөлшек сату үшін бөлінген және сұйық немесе крем түрінде теріні жууға арналған жоғары-активті органикалық заттар мен құралдар; қағаз

3401 30 000 0