Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1669 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 45, 429-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспеде «9-1-бабына» деген сөздер «9-1, 15-2-баптарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
1-тармақтағы «мен жұмыс кестесі» деген сөздер алынып тасталсын;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. 3-қосымшаға сәйкес қағаз тасымалдағышта мекенжай анықтамасын беру көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.»;
14-тармақ алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
«23-1. Мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.»;
26-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген мемлекеттік қызмет стандартының 1, 2-қосымшаларындағы 4-баған алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министр К. Мәсімов