Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 252 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі және «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы заңдарына сәйкес, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 11 наурыздағы
№ 252 қаулысымен  
бекітілген     

Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) 088 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде мал шаруашылығы өнімін өндіруді ұлғайту, сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді (бұдан әрі – тауар өндірушілер) қолдау мақсатында ағымдағы нысаналы трансферттерді (бұдан әрі – бюджеттік субсидиялар) пайдалану тәртібін айқындайды.
      2. Бюджеттік субсидиялар тауар өндірушілерге сиыр етін, шошқа етін, бройлерлік құс етін (бұдан әрі – құс еті), жұмыртқалағыш кроссты тауық жұмыртқасын (бұдан әрі – тағамдық жұмыртқа) өндіру үшін пайдаланылатын құрама жемнің және (немесе) маңыздандырылған азықтың (бұдан әрі – маңыздандырылған азық) құнын ішінара арзандатуға (45%-ға дейін), сондай-ақ сүт, биязы қой жүнін (бұдан әрі – биязы жүн), қой етін, жылқы етін, қымыз және шұбат өндірісіне жұмсалатын шығындарды ішінара өтеуге арналады. Бұл ретте субсидиялар тауар өндірушілерге сиыр еті, шошқа еті, сүт, қой еті, жылқы еті және биязы жүннің есептік нөмірлері бар қайта өңдеу кәсіпорындарына (бұдан әрі – қайта өңдеу кәсіпорындары), сою алаңдарына (пункттеріне) немесе қайта өңдеу кәсіпорындарының қызметін пайдалану шартымен еркін нарықта, ал құс еті, тағамдық жұмыртқа, қымыз және шұбаттың облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен квоталар шегінде еркін нарықта сатылған іс жүзіндегі көлеміне төленеді.
      3. Мал шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдер осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді. Мал шаруашылығы өнімдерінің субсидияланған көлемінің квоталарын анықтау тұқым мен өнімділік бағытына байланысты өнім шығуының зоотехникалық нормаларын есепке ала отырып, бюджеттік бағдарламаны іске асыруға облысқа жеткізілген қаражат шеңберінде жүзеге асырылады. Асыл тұқымды емес мал үшін негіз ретінде өнімділіктің орташа аудандық статистикалық көрсеткіші алынады.
      4. Субсидиялауға мыналар жатпайды:
      1) осы Қағидаға 1-қосымшамен белгіленген өлшемдерге сәйкес келмейтін тауар өндірушілер өндірген сиыр еті, шошқа еті, биязы жүн, қой еті, жылқы еті, қымыз, шұбат, құс еті, тағамдық жұмыртқа және сүт (бұдан әрі – өнім);
      2) тауар өндірушілер одан әрі қайта сату және (немесе) қайта өңдеу үшін басқа да жеке және (немесе) заңды тұлғалардан сатып алған өнім;
      3) өзара есеп айырысу есебіне, сондай-ақ аффилирленген қайта өңдеу құрылымдарына қайта өңдеуге беруді немесе сатуды қоспағанда, аффилирленген құрылымдарға тауар өндірушілер айырбас бойынша сатқан өнім;
      4) жеке аулада сойылған сиыр еті, шошқа еті, қой еті, жылқы еті, сондай-ақ қайта өңдеу кәсіпорындарында бастапқы қайта өңдеуден өтпеген сүт;
      5) жануарларды мәжбүрлі санитариялық сою нәтижесінде, сондай-ақ аса жұқпалы аурулар бойынша карантиндік және шектеу іс-шараларының әрекет ету кезеңінде тауар өндірушілер алған өнім.
      5. Субсидияланатын мал шаруашылығы өнімінің 1 (бір) килограмына, 1 (бір) данасына арналған бюджеттік субсидиялардың нормативі осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
      6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) келісімі бойынша облыс әкімінің шешімімен мынадай құжаттар бекітіледі:
      1) субсидиялар алуға өтінімдер нысаны;
      2) аудан бойынша мал шаруашылығы өнімін сату туралы жиынтық актінің нысаны;
      3) мал шаруашылығы өнімінің субсидияланатын көлемін өндіруге квоталар мен тауар өндірушілер арасында субсидиялар мөлшерін бөлу жиынтық тізімінің нысаны;
      4) мал шаруашылығы өнімінің сатылған көлемі және субсидиялар төлеу туралы облыс бойынша жиынтық ведомостінің нысаны;
      5) облыс бойынша қаражатты игеру жөнінде есеп (ақпарат) нысаны;
      6) мал шаруашылығы өнімін сату көлемі жөнінде есеп (ақпарат) нысаны.
      7. Облыстар және субсидиялау бағыттары бойынша мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға республикалық бюджетте көзделген қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен анықталады.
      8. Министрлік бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес, сондай-ақ облыс әкімі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі арасында қол қойылған Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім шеңберінде облыстық бюджеттерге аударады.

2. Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі

      9. Тауар өндірушілер 2011 жылғы 1 наурыздан кешіктірмей тиісті ауданның ауыл шаруашылығы бөліміне (бұдан әрі – Бөлім) белгіленген нысан бойынша бюджеттік субсидиялар алуға өтінімдер ұсынады. Бұл ретте құс фабрикалары өздерінің бюджеттік субсидияларды алуға арналған өтінімдерін «Қазақстан құс өсірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігімен келісіп, содан соң Бөлімге тапсырады.
      10. Бөлім өтінімдерді алған сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде тауар өндірушілердің және құс фабрикаларының белгіленген өлшемдерге сәйкестігін тексереді және олар белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда, аудан бойынша субсидиялау бағыттары бойынша бюджеттік субсидиялар алушылардың жиынтық тізімін жасайды және оны аудан әкіміне бекітуге жібереді, ал өтінімдер белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, ұсынылған өтінімдерді қабылдамаудың себептерін көрсете отырып, оларды тауар өндірушілерге кері қайтарады.
      Бөлім жиынтық тізімді бекіткеннен кейін, оны тауар өндірушілердің өтінімдерімен бірге облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша орынбасары төрағалық ететін облыс әкімінің шешімімен құрылған облыстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына жібереді. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      Комиссияның құрамына Басқарманың, Министрліктің АӨК-дегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының мамандары, сондай-ақ салалық және өзге де қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.
      11. Комиссия:
      1) жеті жұмыс күні ішінде Бөлімдер ұсынған өтінімдердің белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды;
      2) бекітілген нормативтер негізінде мал шаруашылығы өнімінің субсидияланатын көлемін өндіруге квоталар мен тауар өндірушілер арасында субсидиялар мөлшерін бөлудің жиынтық тізімін құрып, облыс әкімінің бекітуіне ұсынады.
      12. Тауар өндірушілер өтінім білдірген бюджеттік субсидиялар көлемі облысқа жеткізілген бюджеттік субсидиялар көлемінен асып түскен жағдайда, Комиссия табынындағы асыл тұқымды малдың үлес салмағы неғұрлым жоғары тауар өндірушілердің өтінімдерін басымдық ретімен қанағаттандырады.
      13. Облыс әкімі Комиссияның ұсынуы бойынша мал шаруашылығы өнімінің субсидияланатын көлемін өндіруге квоталар мен тауар өндірушілер арасында субсидиялар мөлшерін бөлудің жиынтық тізімін бекітеді. Бекітілгеннен кейін Басқарма Министрлікке, тиісті Бөлімдерге, ал құс өнімдері бойынша «Қазақстан құс өсірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін бір-бір данадан жібереді.
      14. Сиыр еті, шошқа еті, қой еті, жылқы еті, сүт, биязы жүн бойынша бюджеттік субсидиялар алу үшін тізімге енгізілген тауар өндірушілер өнімнің сатылуына қарай ай сайын, бірақ 2011 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей Бөлімге мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өнімді қайта өңдеу кәсіпорындарына сатқан жағдайда:
      сатылған өнімге төлем құжатының (қайта өңдеу кәсіпорнының есептік нөмірі көрсетілген) көшірмесін – банктің төлем тапсырмасы немесе кіріс-кассалық ордер, сондай-ақ шот-фактура (бұдан әрі – төлем құжаттары);
      2) өнімді дербес сатқан жағдайда:
      сатылған өнімге төлем құжатының көшірмесі;
      өнімді бастапқы қайта өңдеу бойынша көрсетілген қызметтер үшін (өнімді өзінің қайта өңдеу кәсіпорындарына немесе цехтарына тапсыру жағдайларын қоспағанда) төлем құжатының (қайта өңдеу кәсіпорнының есептік нөмірі көрсетілген) көшірмесі.
      3) өнімді өзінің қайта өңдеу кәсіпордарына немесе цехына берген жағдайда:
      белгіленген үлгідегі жүкқұжат;
      сатылған өнімге тауарлы-көліктік жүкқұжаттардың тізімі.
      Қымыз және шұбат бойынша бюджеттік субсидиялар алу үшін тізімге енгізілген тауар өндірушілер мен құс фабрикалары Бөлімге сатылған өнімге төлем құжатының көшірмесін, ал құс еті және тағамдық жұмыртқа бойынша төлем құжаттарының тізілімін ұсынады.
      15. Бөлім ай сайын, құжаттардың түсуіне қарай бес жұмыс күні ішінде, бірақ 2011 жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей, осы Қағиданың 16-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тексереді. Олар осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда, аудан бойынша өнімді сату туралы жиынтық акт жасайды және аудан әкімі бекіткеннен кейін жиналған құжаттарды осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысанда облыс бойынша біріктірілген жиынтық ведомость пен төлеуге берілетін шоттар қалыптастыратын Басқармаға қарауға және төлеуге ұсынады.
      16. Ұсынылған құжаттар осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда Бөлім үш жұмыс күні ішінде оларды кері қайтару себептерін көрсете отырып, өтініш берушілерге қайтарады.
      17. Тиісті тауар өндірушілердің және құс фабрикаларының банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аударуды Басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлеуге берілетін шоттардың 2 данасымен қоса төлеуге берілетін шоттардың тізілімін ұсыну жолымен жүзеге асырады.
      18. Қандай да бір облыс бөлінген қаражатты толығымен игермеген жағдайда Министрлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 2011 жылға арналған бюджеттік бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде облыстар бойынша бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған қаражатты қайта бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді.
      19. Басқарма Министрлікке ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде, бірақ 2011 жылғы 30 желтоқсаннан кешіктірмей бекітілген нысандар бойынша бюджеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы есепті ұсынады.

Облыстық бюджеттердің мал        
шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін  
және сапасын арттыруды субсидиялауға  
2011 жылғы республикалық бюджеттен  
берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді
пайдалану қағидасына          
1-қосымша               

Мал шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдер

Р/с

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Қолда бары

1. Ірі қара малды бордақылаумен айналысатын тауар өндірушілерге
(І деңгей)*

1.

2011 жылдың 1 қаңтарына бордақыланатын мал басының болуы

Бас

1000 кем емес

2.

Күтіп-бағу және азықтандырудың тиісті технологиясы бар (су жылыту, механикаландырылған азық тарату, сондай-ақ азық дайындау техникасы) қуаты 5 мың ірі қара малды бордақылауға арналған мамандандырылған үй-жайдың болуы

3.

Ірі қара малды бордақылау тұрақты болуы тиіс

4.

Ірі қара малдың тірілей салмағы (союға өткізгенде)*

кг

430 кем емес

5.

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

6.

Жемшөп базасының болуы

2. Ірі қара малды бордақылаумен айналысатын тауар өндірушілерге(ІІ деңгей) **

1.

Өздерінде сиырлар мен қашарлардың аналық басының (2 жастан ересек) болуы

бас

100 кем емес

оның ішінде асыл тұқымды мал

%

50 кем емес

2.

Бордақыланатын мал басының (бордақылаудағы орташа жылдық мал басы) болуы

бас

70 кем емес

олардың ішінен өз төлінен өсірілген

%

50 кем емес

3.

Ірі қара малды бордақылауға арналған мамандандырылған үй-жайлардың немесе алаңдардың болуы

4.

Ірі қара малды бордақылау тұрақты болуы тиіс

5.

Ірі қара малдың тірілей салмағы (союға өткізгенде)*

кг

350 кем емес

6.

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

7.

Жемшөп базасының болуы

8.

Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесінде тіркеуде болуы ***

3. Ірі қара малды бордақылаумен айналысатын тауар өндірушілерге (ІІІ деңгей) **

1.

Өздерінде сиырлар мен қашарлардың аналық басының (2 жастан ересек) болуы

бас

50 кем емес

2.

Бордақыланатын мал басының (бордақылаудағы орташа жылдық мал басы) болуы

бас

30 кем емес

олардың ішінен өз төлінен өсірілген

%

50 кем емес

3.

Ірі қара малды бордақылауға арналған мамандандырылған үй-жайлардың немесе алаңдардың болуы

4.

Ірі қара малды бордақылау тұрақты болуы тиіс

5.

Ірі қара малдың тірілей салмағы (союға өткізгенде)*

кг

320 кем емес

6.

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру



7.

Жемшөп қорының болуы қажет



8.

Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесінде тіркеуде болуы ***



4. Сүт өндірісімен айналысатын тауар өндірушілерге (І деңгей)

1.

2011 жылдың 1 қаңтарына өздерінде сиырлар мен қашарлардың аналық басының (2 жастан ересек) болуы

бас

600 кем емес

оның ішінде асыл тұқымды мал

%

100 кем болмауы

орташа жылдық сауынды сиырлар (2010 жылдың қорытындысы)

бас

400 кем емес

табын бойынша орташа сауым

кг

4500 кем емес

тиісті инфрақұрылымы бар қазіргі заманғы сүт кешенінің (механикаландырылған сауу, көң жою, азық тарату, автосуару және азық цехі) болуы

Немесе асыл тұқымды малдармен жинақталған (жаңа сүт комплексі) және 2007 жылдан бастап пайдалануға енгізілген жаңа өндіріс

2.

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

3.

Шағылыстыру контингентін аталық бұқалардың ұрығымен 100% қолдан ұрықтандыру

4.

Жемшөп базасының болуы



5.

Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесінде тіркеуде болуы ***

5. Сүт өндірісімен айналысатын тауар өндірушілерге (ІІ деңгей)

1.

2011 жылдың 1 қаңтарына өздерінде сиырлар мен қашарлардың аналық басының (2 жастан ересек) болуы

бас

300 кем емес

оның ішінде асыл тұқымды мал

%

50 кем болмауы

орташа жылдық сауынды сиырлар (2010 жылдың қорытындысы)

бас

200 кем емес

табын бойынша орташа сауым

кг

3000 кем емес

2.

Сүт жинағышы бар машиналы сауынның (танк) болуы

3.

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

4.

Шағылыстыру контингентін аталық бұқалардың ұрығымен 100% қолдан ұрықтандыру

5.

Жемшөп базасының болуы

6.

Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесінде тіркеуде болуы ***

6. Сүт өндірісімен айналысатын тауар өндірушілерге (ІІІ деңгей)

1.

2011 жылдың 1 қаңтарына өздерінде сиырлар мен қашарлардың аналық басының (2 жастан ересек) болуы

бас

100 кем емес

орташа жылдық сауынды сиырлар (2010 жылдың қорытындысы)

бас

30 кем емес

табын бойынша орташа сауым (2010 жылдың қорытындысы)

кг

2200 кем емес

2.

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

3.

Бұқалар ұрығымен шағылыстыратын құрамды 100% қолдан ұрықтандыру

4.

Жемшөп базасының болуы

5.

Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесінде тіркеуде болуы ***

7. Шошқаны бордақылаумен айналысатын тауар өндірушілерге

1.

2011 жылдың 1 қаңтарына негізгі және мал басын толықтыратын мегежіндердің болуы

бас

50–ден кем емес

олардың ішінен асыл тұқымды малдар немесе тұқымаралық шағылыстырудан алынған малдар

2.

Бордақыланатын мал басының (бордақылаудағы орташа жылдық шошқа) болуы (2010 жылдың қорытындысы)

бас

100 кем емес

3.

Оның ішінде өз төлінен өсірілген

4.

Шошқаны бордақылауға арналған мамандандырылған үй-жайлардың немесе алаңдардың болуы

5.

Шошқаны бордақылау тұрақты болуы тиіс

6.

Шошқаның тірілей салмағы (союға өткізгенде) *

кг

90 кем емес

7.

Азықтардың бар болуы



8.

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру



8. Қой етін өндірумен айналысатын тауар өндірушілерге

1.

2011 жылдың 1 қаңтарына саулықтардың (2 жастан ересек) болуы

бас

600 кем емес

2.

Қой күтіп-бағуға арналған мамандандырылған үй-жайлардың болуы

3.

Қойдың тірілей салмағы (союға өткізгенде)*

кг

40 кем болмауы

4.

Жемшөп базасының болуы

5.

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

9. Жылқы еті өндірісімен айналысатын тауар өндірушілерге

1.

2011 жылдың 1 қаңтарына биенің (3 жастан ересек) болуы

бас

75 кем емес

2.

Жылқының тірілей салмағы (союға өткізгенде) *

кг

300 кем болмауы

3.

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

10. Қымыз өндірісімен айналысатын тауар өндірушілерге

1.

2011 жылдың 1 қаңтарына аналық жылқы басының (3 жастан ересек) болуы

бас

50 кем емес

2.

Орташа жылдық сауынды жылқылар саны

бас

30 кем болмауы

3.

Цехтің (ғимарат, қымыз өндіретін және (немесе) жинайтын ыдыс) болуы

4.

Жемшөп базасының болуы

5.

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

11. Шұбат өндірісімен айналысатын тауар өндірушілерге

1.

2011 жылдың 1 қаңтарына інгендердің (3 жастан ересек) болуы

бас

30 кем емес

2.

Орташа жылдық сауынды інгендер

бас

10 кем болмауы

3.

Цехтің (ғимарат, шұбат өндіретін және (немесе) жинайтын ыдыс) болуы

4.

Жемшөп базасының болуы

5.

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

12. Биязы жүн өндірумен айналысатын тауар өндірушілерге

1.

2011 жылдың 1 қаңтарына қойлардың аналық басының (2 жастан жоғары) болуы

бас

600-ден кем емес

2.

Асыл тұқымды малдың болуы

%

100 кем болмауы

3.

Қойларды күтіп-бағуға, сондай-ақ қырқуға арналған мамандандырылған үй-жайлардың болуы

4.

Қырқылған жүннің физикалық салмағы (2010 жылдың қорытындысы)

кг

3 кем емес

5.

Жүннің сапасы ***

64 сападан кем емес

6.

Жемшөп базасының болуы

7.

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

13. Құс еті өндірісімен айналысатын тауар өндірушілерге
(І деңгей)

1.

Жыл бойы құстарды технологиялық жағдайда ұстау, торлық немесе едендік ұстау үшін технологиялық құрылғылардың болуы қажет, құрама жем өндіру қондырғылары 8 жылдан жоғары болмауы тиіс, аталған сертификаттардың (ИСО, «Экологиялық өнім» белгісі, ХАССП азық-түлік қауіпсіздік жүйесі) немесе 2007 жылдан бастап қолданысқа енгізілген жаңа нысан (жаңа құс фабрикасы) болуы

2.

Өндірістің жылдық көлемі (2011 жылдың жоспары)

тонна

300 кем емес

3.

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

(ІІ деңгей)

1.

Өндірістің жылдық көлемі (2011 жылдың жоспары)

тонна

300 кем емес

2.

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

14. Тауарлық жұмыртқа өндірісімен айналысатын тауар өндірушілерге (І деңгей)

1.

Жыл бойы құстарды технологиялық жағдайда ұстау, торлық немесе едендік ұстау үшін технологиялық құрылғылардың болуы қажет, құрама жем өндіру қондырғылары 8 жылдан жоғары болмауы тиіс, аталған сертификаттардың (ИСО, «Экологиялық өнім» белгісі, ХАССП азық-түлік қауіпсіздік жүйесі) немесе 2007 жылдан бастап қолданысқа енгізілген жаңа нысан (жаңа құс фабрикасы) болуы

2.

Жылдық орташа жұмыртқалайтын тауықтар ****

бас

100 000 кем емес

3.

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

(ІІ деңгей)

1.

Жылдық орташа жұмыртқалағыш тауықтар ****

бас

100 000 кем емес

2.

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

      Ескертпе:
      * Малдардың тірілей салмағы (союға сатылғанда), тауар өндіруші қызметтерін пайдаланған (малдарды сою бойынша), есепке алу нөмірі бар (код) мал өнімдері сатылған өңдеуші кәсіпорын немесе тіркеу нөмірі (код) бар союға сатылған анықтамамен расталған болуы тиіс.
      ** Сүт бағытындағы ірі қара мал шаруашылығыман айналысатын тауар өндірушілері үшін сиыр етін сатудың жоспарланатын көлеміне квотаны айқындаған кезде тек ІІІ-деңгейдің өлшемдерін қолдану қажет.
      *** Ірі қара мал өсірумен айналысатын тауар өндірушілер Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесінде тіркелуі және малдарға ветеринариялық және зоотехникалық есеп жүргізу тиіс.
      **** Жүннің сапасы жүн сапасын бағалау жөніндегі зертхана берген анықтамамен расталады.
      ***** Құс фабрикалары үшін тауарлық жұмыртқа сатудың жоспарланған көлеміне квотаны жеткізген кезде республика бойынша орташа жылдық жұмыртқалағышты негіз ретінде алу керек (1 жұмыртқалауыш тауыққа 280 данадан көп емес).

Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы
өнімдерінің өнімділігін және сапасын
арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы
республикалық бюджеттен берілетін 
ағымдағы нысаналы трансферттерді 
пайдалану қағидасына       
2-қосымша           

1. Өткізілген өз төлінен өсірілген мал шаруашылығы өнімінің 1 килограмына, 1 данасына берілетін бюджеттік субсидиялар нормативі

Р/с

Өнімнің түрі

Өткізілген өз төлінен өсірілген мал шаруашылығы өнімінің 1 килограмына, 1 данасына берілетін бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге

1.

Сиыр еті – І деңгей

құрама азық

200

2.

Сиыр еті – ІІ деңгей

құрама азық

138

3.

Сиыр еті – ІІ деңгей

құнарлы жемшөп

90

4.

Сиыр еті – ІІІ деңгей

құрама азық

100

5.

Сиыр еті – ІІІ деңгей

құнарлы жемшөп

80

6.

Шошқа еті

98

7.

Құс еті – І деңгей

66

Құс еті – ІI деңгей

60

8.

Жұмыртқа – І деңгей

2,6

Жұмыртқа – ІI деңгей

2

2. Өткізілген өз төлінен өсірілген мал шаруашылығы өнімінің 1 килограмына, 1 данасына берілетін бюджеттік субсидиялар нормативі

Р/с

Өнімнің түрі

Өткізілген өз төлінен өсірілген өнімнің 1 килограмының өзіндік құны, теңге

Өткізілген өз төлінен өсірілген өнімнің 1 килограмын арзандату нормативі, %

Өткізілген өз төлінен өсірілген өнімнің 1 килограмына берілетін бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге

1

2

3

4

5

1.

Сүт – І деңгей

68

29,4

20

2.

Сүт – ІІ деңгей

47

32

15

3.

Сүт – ІІІ деңгей

47

15

7

4.

Жүн (биязы)

360

29,2

105

5.

Қой еті

420

11,9

50

6.

Жылқы еті

460

20

92

7.

Қымыз

345

17,4

60

8.

Шұбат

341

16,1

55

«Бекітемін»
______________ облысы
Ауыл шаруашылығы басқармасының
бастығы _______ (аты-жөні, қолы, мөрі)
2011 жылғы «__» ___________

Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы
өнімдерінің өнімділігін және сапасын
арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы
республикалық бюджеттен берілетін 
ағымдағы нысаналы трансферттерді 
пайдалану қағидасына       
3-қосымша           

         ___________ облысы бойынша 2011 жылғы ___________
___________________________________өндіруге және сатуға субсидиялар төлеуге арналған субсидияланатын мал шаруашылығы өнімі

біріктірілген жиынтық ведомосі

Атауы

Өнім өткізудің жылдық квотасы, тонна, мың дана

1 кг, дана өнімді арзандату нормативі, теңге

Субсидиялардың жалпы қажеттілігі, теңге

Іс жүзінде сатылған өнім, тонна, мың дана

Өнім өндірісі және оны өткізу үшін іс жүзінде пайдаланылған құрама азықтар (құнарлы азықтар), тонна

Жыл басынан бастап субсидиялардың тиесілі сомасы, теңге

Жыл басынан бастап төленгені, теңге

Бюджеттік субсидиялардың тиесілі сомасының қалдығы, теңге

Төленуге жатады, теңге

тауар өндірушілер

өнімдер

жыл басынан бастап

есепті айда

жыл басынан бастап

есепті айда














Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы (жауапты тұлға)
________________ (аты-жөні, қолы)
Бухгалтер (жауапты тұлға) ________________ (аты-жөні, қолы)