Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы N 246 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Премьер                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2011 жылғы 11 наурыздағы
№ 246 қаулысымен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 57-жол алынып тасталсын.
      3. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-жолмен толықтырылсын:
      «7. «Ұлттық технологиялық болжау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында), Алматы қаласы.».
      4. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 47-9-жолмен толықтырылсын:
      «47-9. «Ұлттық технологиялық болжау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны»;
      «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 181-жол алынып тасталсын.