Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы «Мемлекеттік мекемелер» деген бөліммен толықтырылсын:
«Мемлекеттік мекемелер
1. «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының дирекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Мемлекеттік мекемелер» деген бөлімдегі реттік нөмірі 2-жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К Мәсімов