Кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындауға уәкілетті ұйымды белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 наурыздағы № 210 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 маусымдағы № 368 қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 10.06.2020 № 368 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 6-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Атамекен одағы" Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы" заңды тұлғалар бірлестігі Кеден одағы тауарларының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындауға уәкілетті ұйым болып айқындалсын.

      2. Осы қаулы 2011 жылғы 5 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов