Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің "Қазаэрожоба" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 195 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэрожоба» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорны қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып (бұдан әрі - кәсіпорын) қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы болып айқындалсын.
      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні азаматтық авиация саласындағы сертификаттық тексеруге алдын ала қорытынды дайындау мен беру және кәсіпорынның негізгі қызметімен байланысты технологиялық қызметтерді ұсыну болып айқындалсын.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;
      2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 55-1-жолмен толықтырылсын:
«55-1. Қазақстан Республикасы Көлік және
      коммуникация министрлігі Азаматтық
      авиация комитетінің «Ұшу қауіпсіздігін
      қамтамасыз ету орталығы» шаруашылық
      жүргізу құқығындағы республикалық
      мемлекеттік кәсіпорны                          Алматы қаласы»;
      2) «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 46, 582-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-жолмен толықтырылсын:
      «4. «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында)»;
      3) «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 269-1-жолмен толықтырылсын:
      «269-1. «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында)».
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов