Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж, № 12, 86-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
156-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Мемлекеттік мекеме негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді сатып алу үшін республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру кезінде 413 «Мемлекеттік кәсіпорындарды материалдық-техникалық жарақтандыру» экономикалық шығыстар сыныптамасының ерекшелігі бойынша осы мақсаттарға ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың 50 пайызынан аспайтын аванстық (алдын ала) төлем жасауды жүзеге асырылады.
Бұрын мемлекеттік кәсіпорындар жасасқан, аяқталып келе жатқан ұзақ мерзімді шарттар бойынша күрделі жөндеу мен қалпына келтіруден басқа, ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру үшін мемлекеттік мекеме 424 «Мемлекеттік кәсіпорындардың ғимараттары мен құрылыстарын салу (реконструкциялау)» экономикалық шығыстар сыныптамасының ерекшелігі бойынша осы мақсаттарға ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың 30 пайызынан аспайтын аванстық (алдын ала) төлем жасауды жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 156-1-тармақпен толықтырылсын:
«156-1. Шетелде кадрлар даярлаудың халықаралық бағдарламаларын іске асыру бойынша стипендиаттарды шетелде оқыту үшін 154 «Стипендиаттардың шетелде оқуына төлеу» экономикалық шығыстар сыныптамасының ерекшелігі бойынша ақы төлеу шетелдік жоғары оқу орындары (әлемнің ғылыми орталықтары мен зертханалары) мен Қазақстан Республикасының Үкіметі шетелде кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру халықаралық бағдарламаларын іске асыру, оның ішінде шарттың талаптарына сәйкес соңғысы ұсынған өтінімдерге байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі қызметтерді беруші етіп анықтаған заңды тұлға арасында жасалған шарттың көшірмелерін қоса бере отырып, төлеуге берілген шоттың негізінде жүзеге асырылады.»;
162-тармақтың бірінші бөлігінің сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«тараптардың деректемелері өзгерген;»;
174-тармақтың алтыншы абзацындағы «, есеп айырысу тәртібіне және/немесе мерзіміне және/немесе тауарларды беру (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) мерзіміне» деген сөздер алынып тасталсын;
181-тармақтың үшінші бөлігі алынып тасталсын;
190-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Мемлекеттік мекеме аванстық төлем сомасын қоспағанда, негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді сатып алу үшін республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру бойынша төлем жүргізу кезінде мемлекеттік кәсіпорын мен көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) беруші арасында жасалған шартқа сәйкес тауарды жеткізу туралы шот-фактуралардың немесе жүкқұжаттың (актінің) немесе орындалған жұмыстар актісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген олар ұсынған өзге құжаттың көшірмелерін қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне береді. Бұл ретте, көрсетілген құжаттардың әрбір парағы мемлекеттік мекеменің түпнұсқалық мөрі бедерімен куәландырылады және орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы орган жауапты хатшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды тұлғаның), олар болмаған жағдайда, мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол өкілеттік берген тұлғаның қолы қойылады.
Мемлекеттік мекеме аванстық төлем сомасын қоспағанда, бұрын мемлекеттік кәсіпорындар жасасқан, аяқталып келе жатқан ұзақ мерзімді шарттар бойынша күрделі жөндеу мен қалпына келтіруден басқа, ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру бойынша төлем жүргізу кезінде осы тармақтың екінші бөлігінде санамаланған құжаттарға қосымша қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне әрбір парағы мемлекеттік мекеменің түпнұсқалық мөрі бедерімен куәландырылған және орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы орган жауапты хатшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды тұлғаның), олар болмаған жағдайда, мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол өкілеттік берген тұлғаның қолы қойылған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын ұсынады.»;
203-тармақтың төртінші абзацындағы «сайлау жөніндегі заңнамасына сәйкес сайлауды өткізуге» деген сөздер «сайлау мен республикалық референдум туралы заңнамасына сәйкес сайлауды және референдумды өткізуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
263-тармақта:
бірінші бөлікте:
«кейіннен Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, сондай-ақ міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына кейіннен өзгерістер енгізе отырып» деген сөздер «ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Тиісті қаулы қабылданғаннан кейін осы Ереженің 5-тарауында айқындалған тәртіппен тиісті қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізіледі.»;
9-бөлімнің және 47-тараудың атаулары «Сайлауларды» деген сөзден кейін «, республикалық референдумды» деген сөздермен толықтырылсын;
9-бөлімнің 47-тарауының мәтіні бойынша:
384-тармақта «мүшелерін сайлау» деген сөздерден кейін «, республикалық референдум» деген сөздермен толықтырылсын;
385-тармақта:
бірінші бөліктегі «сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау» деген сөздер «жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау, сондай-ақ республикалық референдум» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сайлауларды», «Сайлауларды», «сайлау іс-шараларын» деген сөздерден кейін «, республикалық референдумды» деген сөздермен толықтырылсын;
386, 393, 395-тармақтардағы «Сайлауларды», «сайлаулар», «сайлау», «сайлауларды» деген сөздерден кейін «, республикалық референдумды», «республикалық референдум» деген сөздермен толықтырылсын;
387-тармақтағы «сайлау компаниясын» және «Сайлау» деген сөздерден кейін тиісінше «, республикалық референдумды», «, республикалық референдум» деген сөздермен толықтырылсын;
388-тармақтағы «Сайлау» деген сөзден кейін және «аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының өкілеттілігі сайлау» деген сөздерден кейін «, республикалық референдум» деген сөздермен толықтырылсын;
391-тармақтың 8) тармақшасындағы «сондай-ақ, партия тізімін берген саяси партиялар туралы» деген сөздер «партия тізімін берген саяси партиялар туралы, сондай-ақ республикалық референдум туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
394-тармақтағы «кандидаттарға» деген сөзден кейін «, республикалық референдумға» деген сөздермен толықтырылсын;
396-тармақ «сайлауын» деген сөзден кейін «, сондай-ақ республикалық референдумды» деген сөздермен толықтырылсын;
411-тармақта:
«ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына дейін» деген сөздер алынып тасталсын;
«кейіннен Түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландыру жиынтық жоспарына өзгерістер енгізе отырып,» деген сөздер «ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Тиісті қаулы қабылданғаннан кейін осы Ереженің 5-тарауында айқындалатын тәртіппен тиісті қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізіледі.»;
421-тармақтағы «тауарлардың құнын» деген сөздерден кейін «және оларды тасымалдау бойынша көліктік ұйымдардың шығыстарын» деген сөздермен толықтырылсын;
614-тармақтағы «Инвестициялық жобаны іске асыру жоспарын» деген сөздерден кейін «осы Ереженің 115-қосымшасына сәйкес нысан бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 115-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, он екінші, он үшінші, он төртінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 22 ақпандағы
№ 165 қаулысына
қосымша
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
115-қосымша
Үкіметтік сыртқы қарыз немесе байланысты грант есебінен
қаржыландырылатын инвестициялық жобаны іске асыру жоспары
(мың)
р/с |
Инвестициялық жобаның атауы |
Құрауыштың атауы |
Іс-шаралар |
Қаржыландыру көлемі |
Орындалу мерзімі |
Ескертпе |
|||||||
барлығы |
оның ішінде жыл сайын |
||||||||||||
заем/грант |
РБ-дан қоса қаржыландыру |
заем/грант |
РБ-дан қоса қаржыландыру |
||||||||||
теңге |
АҚШ долл. |
теңге |
АҚШ долл. |
теңге |
АҚШ долл. |
теңге |
АҚШ долл. |
||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
Қаржыландырудың барлығы |