"Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Қан орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын Астана қаласының коммуналдық меншігінен республикалық меншікке қабылдау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 111 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен мүліктік кешен ретінде коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қабылдансын және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына берілсін.
      2. «Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта аталсын.
      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;
      2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге шараларды қабылдасын.
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-87-жолмен толықтырылсын:
      «9-87. «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) Астана қаласы»;
      2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 529-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «Мемлекеттік кәсіпорындар» деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 39-11-жолмен толықтырылсын:
      «39-11. Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы»;
      3) «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 257-1-11-жолмен толықтырылсын:
      «257-1-11. «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны».
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов