Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 31 қаңтардағы
№ 51 қаулысымен
бекітілген
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген
денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау
шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті тізбесі мен мекенжайлары осы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) 1-қосымшада көрсетілген ауданның (облыстық маңызды қаланың) ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі уәкілетті органы (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсынады.
2. Мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет:
1) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 8-тармағы;
2) «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық мәліметтерді, сондай-ақ оларды толтыру үлгілерін осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлардан, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсындағы www.minagri.gov.kz.веб-сайтының «Дипломмен ауылға» бөлімінен, мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердегі уәкілетті органының стенділерінен алуға болады.
5. Көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына (бұдан әрі - тұтынушылар) ұсынылады.
7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімде ұсынылады:
1) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап:
күнтізбелік отыз тоғыз күн ішінде көтерме жәрдемақы төленеді;
күнтізбелік отыз екі күн ішінде осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Келісім жасасу рәсімі жүзеге асырылады және Келісім жасалғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит ұсынылады;
әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан бас тартылған жағдайда үш жұмыс күні ішінде уәкілетті орган тұтынушыға дәйектелген жауап жолдайды;
2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің ең жоғарғы шекті уақыты - он минуттан аспайды;
3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті пайдаланушыға қызмет көрсетудің ең көп уақыты - отыз минуттан аспайды;
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері, кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, 13-00-ден 14-30 сағатқа дейінгі түскі үзіліспен, 9-00-ден 18-30 сағатқа дейін көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету орындары мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсетуге бейімделеді, күту залы ақпараттық стенділермен, құжаттарды толтыру үлгілері бар тағандармен жабдықталады және ғимараттың бірінші қабатында орналасады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек кітапшасының көшірмесі;
4) азаматтарды тіркеу кітабының (үй кітабының) немесе тиісті елді мекенде тұратынын растайтын анықтаманың көшірмесі;
5) білімі туралы дипломының көшірмесі;
6) салық төлеушіні тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;
7) әлеуметтік жеке код беру туралы куәлігінің көшірмесі;
8) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес тұрғын үйді сатып алу-сату туралы алдын ала шарт.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқада және көшірме түрінде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқасы өтініш берген күні тұтынушыға қайтарылады.
12. Өтініштің бланкісін уәкілетті органның кеңсесіндегі лауазымды адам береді.
13. Тұтынушы толтырған өтініш пен мемлекеттік қызметті алу үшін талап етілетін, оған қоса берілетін құжаттар осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша уәкілетті органның кеңсесіне тапсырылады.
14. Тұтынушыға мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын қолхат беріледі және оның әлеуметтік қолдау шараларын алатын күні көрсетіледі.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы тұтынушыға байланыс телефоны бойынша не уәкілетті органға жеке өзі келген кезде хабарланады.
16. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген дәйексіз құжаттарды ұсыну фактісі бас тарту үшін негіз болып табылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органының қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықты сақтау, барынша толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді. Мемлекеттік қызметті көрсету барысында уәкілетті органның лауазымды адамдары:
1) кішіпейіл және сыпайы болуы;
2) алғашқы талап ету бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы барынша толық ақпарат беруі;
3) тұтынушылардың құжаттарын ресімдеу және қарастыру барысында қағазбастылық және салғырттық көріністеріне жол бермеуі керек.
4. Жұмыстың нәтижелері
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және кол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызметті көрсететін уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметті көрсетудің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті органның лауазымды адамының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді байланыс мәліметтері осы стандартна 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органның заң қызметінің мамандары жүзеге асырады.
21. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі бойынша келіспеушілік болған жағдайда, шағым байланыс мәліметтері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген жоғары тұрған орган - облыс әкімдігіне жолданады.
22. Шағым аудан (облыстық маңыздағы қала) әкімдіктерінің кеңсесіне уәкілетті орган басшысының атына демалыс күндерін қоспағанда, жұмыс күндері, 13-00-ден 14-30 сағат аралығында түскі үзіліспен, 9-00-ден 18-30 сағатқа дейін пошта арқылы немесе қолма-қол жолданады.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.
24. Шағым жазбаша нысанда ресімделеді.
25. Өтініш берушіге оның шағымын қабылдағаны туралы растау үшін шағымның көшірмесіне кіріс нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, тиісті кеңсенің байланыс телефоны көрсетілген мөртабан қойылады.
Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде және тәртіппен қаралады.
26. Уәкілетті органның байланыс мәліметтері осы стандартқа 1-қосымшада, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті органның үй-жайында орналасқан стенділерде көрсетіледі.
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге
және тұруға келген денсаулық сақтау,
білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет және спорт мамандарына
әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Р/с |
Атауы |
Орналасқан мекенжайы |
Байланыс деректері |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. АҚМОЛА ОБЛЫСЫ |
|||
1. |
«Ақмола облысы әкімінің аппараты» MM |
Ақмола облысы, Көкшетау қ., Абай к., 83. |
тел. 8 (7162) 25-79-22, 25-70-93 |
2. |
«Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» MM |
Ақмола облысы, Көкшетау қ., М. Әуезов к., 141. |
тел. 8 (7162) 25-28-45, E-mail: akymat_kokshetau@mail.ru |
3. |
«Степногор қаласы әкімінің аппараты» MM |
Ақмола облысы, Степногор қ., 4 ш.а., 1 үй. |
тел. 8 (716245) 6-14-25, E-mail: stepokol@mail.ru |
4. |
«Ақкөл ауданы әкімінің аппараты» MM |
Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қ., Нұрмағамбетов к., 94. |
тел. 8 (71638) 2-02-82, |
5. |
«Аршалы ауданы әкімінің аппараты» MM |
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы к., Тәшенов к., 47. |
тел. 8 (71644) 2-11-68, |
6. |
«Астрахан ауданы әкімінің аппараты» MM |
Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астрахан а., әл Фараби к., 50. |
тел. 8 (71641) 2-21-33, |
7. |
«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» MM |
Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Атбасар қ., Уәлиханов к., 9. |
тел. 8 (71643) 2-43-43, E-mail: atbasar_oko@mail.ru |
8. |
«Бұланды ауданы әкімінің аппараты» MM |
Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қ., Некрасов к., 19. |
тел. 8 (71646) 2-12-92, |
9. |
«Бурабай ауданы әкімінің аппараты» MM |
Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ., Абылайхан к., 32. |
тел. 8 (71636) 4-33-54, |
10. |
«Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты» MM |
Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Егіндікөл а., Жеңіс к., 6. |
тел. 8 (71642) 2-14-33, |
11. |
«Еңбекшілдер ауданы әкімінің аппараты» MM |
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Степняк қ., Біржан Сал к., 23. |
тел. 8 (71639) 2-15-41, |
12. |
«Ерейментау ауданы әкімінің аппараты» MM |
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қ., Құнанбаев к., 121. |
тел. 8 (71633) 2-13-33, |
13. |
«Есіл ауданы әкімінің аппараты» MM |
Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қ., Қонаев к., 6. |
тел. 8 (71647) 2-14-47, |
14. |
«Жақсы ауданы әкімінің аппараты» MM |
Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы а., Достық к., 3. |
тел. 8 (71635) 2-15-61, |
15. |
«Жарқайың ауданы әкімінің аппараты» MM |
Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Державинск қ., Ленин к., 34. |
тел. 8 (71648) 9-10-01, |
16. |
«Зеренді ауданы әкімінің аппараты» MM |
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді а., Бейбітшілік к., 67. |
тел. 8 (71632) 2-12-70, |
17. |
«Қорғалжын ауданы әкімінің аппараты» MM |
Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Қорғалжын а., Болғанбаев к., 9. |
тел. 8 (71637) 2 13-66, |
18. |
«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM |
Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балқашино а., Абылайхан к., 117. |
тел. 8 (71640) 9-17-42, |
19. |
«Целиноград ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмола., Гагарин к., 14. |
тел. 8 (71651) 3-11-02, |
20. |
«Шортанды ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды а., Абылайхан к., 20. |
тел. 8 (71631) 2-12-13, |
2. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ |
|||
1. |
«Алматы облысы әкімінің аппараты» ММ |
Алматы облысы, Талдықорған қ., Тәуелсіздік к., 38. |
тел. 8 (7282) 27-13-46, 27-18-33, 27-07-43; |
2. |
«Ақсу ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров кенті, Желтоқсан к., 5. |
тел/факс: 8 (72832) 2-17-52, 2-15-51 |
3. |
«Алакөл ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Алматы облысы, Алакөл ауданы, Ушарал қ., Қонаев к., 74. |
тел/факс: 8 (72833) 2-27-71, 2-12-82 |
4. |
«Балқаш ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас а., Қонаев к., 68. |
тел/факс: 8 (72773) 9-11-40, 9-53-98 |
5. |
«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қ., Жамбыл д-лы, 21а. |
тел/факс: 8 (72775) 4-15-66, 4-04-36 |
6. |
«Ескелді ауданы әкімінің аппараты» MM |
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті, Оразбеков к., 67. |
тел/факс: 8 (72836) 3-01-90, 3-23-74 |
7. |
«Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» MM |
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш а., Абай к., 56. |
тел/факс: 8 (72770) 2-25-37, 2-07-92 |
8. |
«Іле ауданы әкімінің аппараты» MM |
Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген Батыр кенті, Батталханов к., 8. |
тел/факс: 8 (72752) 2-18-72, 2-48-49 |
9. |
«Қарасай ауданы әкімінің аппараты» MM |
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қ., Абылайхан к., 213. |
тел/факс: 8 (72771) 2-39-99, 2-29-07 |
10. |
«Қаратал ауданы әкімінің аппараты» MM |
Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қ., Д. Қонаев к., 9. |
тел/факс: 8 (72834) 2-21-95, 3-13-43 |
11. |
«Кербұлақ ауданы әкімінің аппараты» MM |
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кенті, Б. Момышұлы к., 10. |
тел/факс: 8 (72840) 3-14-41, 3-12-24 |
12. |
«Көксу ауданы әкімінің аппараты» MM |
Алматы облысы, Кексу ауданы, Балпық би кенті, Мырзабеков к., 40. |
тел/факс: 8 (72838) 2-02-57, 2-06-57 |
13. |
«Панфилов ауданы әкімінің аппараты» MM |
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қ., Н. Головацкий к., 129. |
тел/факс: 8 (72831) 5-13-65, 5-38-78 |
14. |
«Райымбек ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген а., Б. Момышұлы к., 9. |
тел/факс: 8 (72777) 2-17-23, 2-12-80 |
15. |
«Сарқан ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Алматы облысы, Сарқан ауданы, Сарқан кенті, Тәуелсіздік к., 111. |
тел/факс: 8 (72839) 2-10-80, 2-33-74 |
16. |
«Талғар ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қ., Қонаев к., 65. |
тел/факс: 8 (72774) 2-01-84, 2-30-20 |
17. |
«Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы а., Раджибаев к., 73. |
тел/факс: 8 (72778) 2-11-52, 2-10-59 |
18. |
«Қапшағай ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Алматы облысы, Капшағай ауданы, Қашпағай қ., Жамбыл к., 13. |
тел/факс: 8 (72772) 4-11-74, 4-18-83 |
19. |
«Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» ММ |
Алматы облысы, Талдықорған қ., Абай к., 256. |
тел/факс: 8 (7282) 27-02-39, 27-22-84, 27-20-00 |
3. АТЫРАУ ОБЛЫСЫ |
|||
1. |
«Атырау облысы әкімінің аппараты» ММ |
Атырау облысы, Атырау к., Әйтеке би к., 77. |
тел. 8 (7122) 32-54-58; |
2. |
«Жылыой ауданы әкімінің аппараты» MM |
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қ., Махамбет д-лы., 20. |
тел. 8 (71237) 5-11-55, 5-12-42, |
3. |
«Индер ауданы әкімінің аппараты» MM |
Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Қонаев к., 14. |
тел. 8 (71234) 2-11-92, 2-12-43, |
4. |
«Исатай ауданы әкімінің аппараты» MM |
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау а., Егемен Қазақстан к., 12. |
тел. 8 (71231) 2-03-48, |
5. |
«Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» MM |
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы а., Қарабалин к., 26. |
тел. 8 (71238) 2-13-86, 2-13-45, |
6. |
«Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» MM |
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкино а., Көшекбаев к., 25. |
тел. 8 (71233) 2-06-90, 2-12-92, |
7. |
«Мақат ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат а., Орталық алаң, 1. |
тел. 8 (71239) 3-02-99, 3-03-99, |
8. |
«Махамбет ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет а., Абай к., 13. |
тел. 8 (71236) 2-15-38, 2-12-42, факс: 2-24-04, 2-22-56 E-mail: kurmanbaevar@ mail.ru |
4. АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ |
|||
1. |
«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ |
Ақтөбе облысы, Ақтөбе к., Әбілқайыр хан д-лы, 40. |
тел: 8 (7132) 54-28-63, |
2. |
«Әйтеке би ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Комсомол а., Т. Жүргенов к., 45. |
тел/факс 8 (71339) 21-2-16 E-mail: aitekebi_akimat@mail.ru |
3. |
«Алға ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Алға қ., 5 ш.а., 4 үй. |
тел: 8 (71337) 3-32-03, 3-32-04, |
4. |
«Байғанин ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді а., Д. Қонаев к., 36. |
тел: 8 (71345) 22-8-74, |
5. |
«Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» MM |
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз а., Алтынсарин к., 7. |
тел: 8 (71343) 21-5-74, |
6. |
«Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» MM |
Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша а., Әбілқайыр хан к., 38. |
тел: 8 (71342) 22-7-92, факс: 23-1-03 E-mail: ekonom_kargala.5@mail.ru |
7. |
«Қобда ауданы әкімінің аппараты» MM |
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қобда а., Астана к., 48. |
тел: 8 (71341) 21-5-52, |
8. |
«Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» MM |
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк а., Сейфуллин к., 36. |
Тел: 8 (71331) 21-8-77, |
9. |
«Мұғалжар ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қ., Гагарин к., 6. |
Тел: 8 (71333) 3-64-14, |
10. |
«Темір ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдұқ кенті, Желтоксан к., 8. |
Тел: 8 (71346) 2-25-19, |
11. |
«Ойыл ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл а., Құрманғазы к., 43. |
Тел: 8 (71332) 2-19-32, |
12. |
«Хромтау ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Хромтау қ., М. Горький к., 9. |
Тел: 8 (71336) 21-1-41, |
13. |
«Шалқар ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар қ., Есет Көтібарұлы к., 33. |
Тел: 8 (71335) 21-4-35, 21-4-32, 23-4-62 |
5. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ |
|||
1. |
«Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ |
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ., М. Горький к., 40. |
Тел. 8 (7232) 57-82-10, E-mail: abitova@, economica.ustk.kz |
2. |
«Өскемен қаласы әкімінің аппараты» MM |
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен к., Пермитинк., 17. |
Тел. 8 (7232) 24-12-38, E-mail: uprEconomika@, oskemen.kz |
3. |
«Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ |
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ., Интернациональная к., 8. |
Тел. 8 (7222) 52-27-63, |
4. |
«Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ |
Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қ., Семенов к., 19. |
Тел. 8 (72336) 4-62-26, |
5. |
«Абай ауданы әкімінің аппараты» MM |
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл а., Құнанбай к., 5. |
тел. 8(72252)9-15-59, |
6. |
«Аякөз ауданы әкімінің аппараты» MM |
Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Аякөз к., Абай д-лы, 14. |
тел. 8(72237)3-03-31, |
7. |
«Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты» MM |
Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай а., Сейфуллин к., 144. |
тел. (72236) 9-03-45, |
8. |
«Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» MM |
Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха а., Тәуелсіздік к., 69. |
тел. 8 (72351) 2-15-57, |
9. |
«Глубоковский ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Шығыс Қазақстан облысы, Глубоковский ауданы, Глубокое кенті, Попович к., 11а. |
тел. 8 (72331 )2-30-60, |
10. |
«Жарма ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау а., Достық к., 105. |
тел. 8 (72347) 6-53-93, |
11. |
«Зайсан ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Зайсан қ., Жангелдин к., 54. |
тел. (72340)2-16-06, |
12. |
«Зырянов ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Шығыс Қазақстан облысы, Зырянов ауданы, Зыряновск қ. Советская к., 20. |
тел. 8 (72335) 4-03-20, |
13. |
«Катон Қарағай ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Шығыс Қазақстан облысы, Катон Қарағай ауданы, Үлкен Нарын а., Абылайхан к., 102. |
тел. 8 (72341 )2-95-31, |
14. |
«Көкпекті ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті а., Ш. Фахрутдинов к., 44а. |
тел. 8 (72348) 2-12-83, |
15. |
«Күршім ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Күршім а., Ибіжанов к., 23. |
тел. 8 (72339) 2-22-06, |
16. |
«Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат а., Абылайхан к., 13. |
тел. 8 (72346) 2-20-54, |
17. |
«Ұлан ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Молодежный кенті, 1. үй. |
тел.8 (72338) 2-71-56, |
18. |
«Үржар ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар а., Абылайхан к., 122. |
тел. .8 (72230) 3-53-03, |
19. |
«Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қ., Советская к., 59. |
тел. 8 (72332) 3-32-93, |
6. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ |
|||
1. |
«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» ММ |
Жамбыл облысы, Тараз қ., Абайк., 119. |
тел: 8 (7262) 45-54-86, 45-88-31,45-42-30,45-60-21 факс: 45-42-05,45-46-28 |
2. |
«Байзақ ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер а., Байзақ батыр к., 107. |
тел/факс: 8 (72637)2-11-52, 2-11-80, 2-28-05 |
3. |
«Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Асса а., Абай к., 123. |
тел/факс: 8 (72633) 2-14-36, 2-19-36, 2-12-51 |
4. |
«Жуалы ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы а., Жамбыл к., 12. |
тел/факс: 8 (72635) 2-13-65, 2-11-65, 2-12-69 |
5. |
«Қордай ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай а., Төле би к., 106. |
тел/факс: 8 (72636) 2-13-08, 2-11-47 |
6. |
«Мерке ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Жамбыл облысы, Мерке ауданы, Мерке а., Исмаилов к., 169. |
тел/факс: 8 (72632)2-12-61, 2-23-81 |
7. |
«Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм а., Аманкелді к., 147. |
тел/факс: 8 (72642)2-49-71, 2-46-53 |
8. |
«Т. Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Қулан а., Жібек жолы к., 75. |
тел/факс: 8 (72631) 2-16-34, 2-15-36 |
9. |
«Сарысу ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қ., Бейбітшілік к., 1. |
тел/факс: 8 (72634) 6-29-27, 6-19-41, 6-22-42 |
10. |
«Талас ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қ., Достық алаңы, 1 үй. |
тел/факс: 8 (72644)6-17-77, 8 (72641) 2-12-58 |
11. |
«Шу ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би а., Төле би к., 274. |
тел/факс: 8 (72638) 3-28-38, 3-18-22 |
7. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ |
|||
1. |
«Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ |
Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., К. Аманжолов к., 75. |
тел/факс 8 (7112) 51-10-65, E-mail: dshzko-zemotdel@rambler.ru, dshko-admotdel@rambler.ru |
2. |
«Ақжайық ауданы әкімінің аппараты» MM |
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Ақжайық а., Д. Қонаев к., 70. |
тел/факс 8 (71136) 92-302, 8 (71136) 92-135; |
3. |
«Бөкейорда ауданы әкімінің аппараты» MM |
Батыс Қазақстан облысы, Бөкейорда ауданы, Сайқын а., Т. Жароков к., 31. |
тел/факс 8 (71140) 21-120, 8 (71140) 21-210; |
4. |
«Бөрлі ауданы әкімінің аппараты» MM |
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай к-, Советская к., 99. |
тел/факс 8 (71133) 20-368, 8 (71133) 20-888; |
5. |
«Жаңақала ауданы әкімінің аппараты» MM |
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала а., Халық Достығы к., 44. |
тел/факс 8 (71141) 21-835, 8 (71141) 21-869; |
6. |
«Жәнібек ауданы әкімінің аппараты» MM |
Батыc Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек а., Г. Қараш к., 61. |
тел/факс 8 (7135) 21-343, |
7. |
«Зеленое ауданы әкімінің аппараты» MM |
Батыс Қазақстан облысы, Зеленое ауданы, Переметное а., Ю. Гагарин к., 134. |
тел/факс 8 (71130) 22-444, |
8. |
«Қазталов ауданы әкімінің аппараты» MM |
Батыc Қазақстан облысы, Қазталов ауданы, Қазталов а., Шарафутдинов к., 1. |
тел/факс 8 (71144) 31-545, |
9. |
«Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» MM |
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе a., F. Құрманғалиев к., 19. |
тел/факс 8 (71145) 31-172, |
10. |
«Сырым ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты а., Қазақстан к., 8. |
тел/факс 8 (71134) 31-127, |
11. |
«Тасқала ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Таскала а. Абай к., 23. |
тел/факс 8 (71139) 22-036, |
12. |
«Теректі ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Батыс Қазақстан облысы, ауданы, Федоров а., Юбилейная к., 18. |
тел/факс 8 (71132) 23-147, |
13. |
«Шыңғырлау ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау а., Қылышев к., 95. |
тел/факс 8 (71137) 33-445, |
8. ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ |
|||
1. |
«Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ |
Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Бейбітшілік бульвары, 39. |
тел/факс 8 (7212) 42-10-67, E-mail: kancelyaria@krg.gov .kz |
2. |
«Абай ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қ., Жеңіс д-лы, 3. |
тел/факс 8 (72131) 4-65-23, 4-42-26; |
3. |
«Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай а., Бөкейхан к., 43. |
тел/факс 8 (71037) 2-12-33; |
4. |
«Бұқар Жырау ауданы әкімінің аппараты» MM |
Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылайхан к., 39. |
тел/факс 8 (72154) 2-14-60, 2-11-18; |
5. |
«Жаңаарқа ауданы әкімінің аппараты» MM |
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Тәуелсіздік д-лы, 5. |
тел/факс 8 (71030) 2-62-88; |
6. |
«Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қ., Т. Әубәкіров к., 23. |
тел/факс 8 (72146) 3-13-68, 3-13-66; |
7. |
«Нұра ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Киевка кенті, Мыңбаев к., 44. |
тел/факс 8 (72154) 2-26-31; |
8. |
«Осакаров ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаровка кенті, Новая к., 33. |
тел/факс 8 (72149) 4-12-67, 4-18-42; |
9. |
«Ұлытау ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау а., Абай к., 27. |
тел/факс 8 (71035) 2-12-40; |
10. |
«Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу Аюлы а., Шортанбай к., 24. |
тел/факс 8 (71031) 2-14-17, 2-15-09; |
11. |
«Жезказған қаласы әкімінің аппараты» ММ |
Қарағанды облысы, Жезказған к-, Алашахан к., 1. |
тел/факс 8 (7102) 73-61-35; |
12. |
«Сәтбаев каласы әкімінің аппараты» ММ |
Қарағанды облысы, Сәтбаев қ., Қ. Сәтбаев д-лы, 108. |
тел/факс 8 (71063) 3-36-36; |
9. ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ |
|||
1. |
«Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ |
Қостанай облысы, Қостанай к-, әл Фараби д-лы, 66. |
тел/факс 8 (7142) 51-17-82; E-mail: dsh-zem@kostanay.kz, www. kostanay.kz; e.kostanay.kz |
2. |
«Алтынсарин ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы, Обаған а., Ленин к., 4. |
тел. 8 (71445) 3-42-20, |
3. |
«Аманкелді ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Қостанай облысы, Аманкедді ауданы, Аманкелді а., Майлин к., 14. |
тел. 8 (71440 )2-11-00, |
4. |
«Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл а., 1 Май к., 44. |
тел. 8 (71453) 2-10-00, |
5. |
«Денисов ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Қостанай облысы, Денисов ауданы, Денисов а., Калинин к., 5. |
тел. 8 (71434) 2-14-42, |
6. |
«Жангеддин ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай кенті, Алтынсарин к., 4. |
тел. 8 (71439) 2-16-88, |
7. |
«Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Жітіқара к., 6 ш.а.., 65 үй. |
тел. 8 (71435) 2-33-16, |
8. |
«Қамысты ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Қамысты а., Ержанов к., 61. |
тел. 8 (71437) 2-13-00, |
9. |
«Қарабалық ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавттар к., 31. |
тел. 8 (71441) 3-31-57, |
10. |
«Қарасу ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу а., Исаков к., 73. |
тел. 8 (71452) 2-11-05, |
11. |
«Қостанай ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Затобол кенті, Калинин к., 65. |
тел. 8 (71455) 2-30-50, |
12. |
«Меңдіқара ауданы әкімінін аппараты» ММ |
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровской а., Королев к., 5. |
тел. 8 (71443) 2-15-71, |
13. |
«Наурызым ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Қостанай облысы, Наурызым ауданы, Қараменді а., Ш. Жәнібек к., 1. |
тел. 8 (71454) 2-11-44, |
14. |
«Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Сарыкөл кенті, Ленин к., 72. |
тел. 8 (71451) 2-11-38, |
15. |
«Таран ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Қостанай облысы, Таран ауданы, Таран а., Калинин к., 60. |
тел. 8 (71436) 3-61-44, |
16. |
«Ұзынкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл а., Мүсірепов к., 14. |
Тел. 8 (71444) 2-12-55, |
17. |
«Федоров ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоров а., Калинин к., 53. |
Тел. 8 (71442) 2-16-32, |
18. |
«Қостанай қаласы әкімінің аппараты» MM |
Қостанай облысы, Қостанай қ. Мәуленов к., 21. |
Тел. 8 (7142) 57-57-01, |
19. |
«Арқалық қаласы әкімінің аппараты» MM |
Қостанай облысы, Арқалық қ., Абай д-лы, 29. |
Тел. 8 (71430) 7-12-42, |
20. |
«Лисаков қаласы әкімінің аппараты» MM |
Қостанай облысы, Лисаков қ., Бейбітшілік к., 31. |
Тел. 8 (71433) 3-40-50, |
21. |
«Рудный қаласы әкімінің аппараты» MM |
Қостанай облысы, Рудный к., Фрунзе к., 14. |
тел. 8 (71431) 9-04-23, |
10. ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ |
|||
1. |
«Қызылорда облысы әкімінің аппараты» MM |
Қызылорда облысы, Қызылорда қ., Ы. Жақаев к.,76. |
тел. 8 (7242) 27-63-73, 23-55-81, |
2. |
«Қазалы ауданы әкімінің аппараты» MM |
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Әйтеке би к., 60. |
факс: 8 (72438) 2-12-90 E-mail: Kazaly_akimat@mail.ru |
3. |
«Арал ауданы әкімінің аппараты» MM |
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Арал к., Школьная к., 33. |
тел. 8(72433)2-11-62, 2-13-80, |
4. |
«Қармақшы ауданы әкімінің аппараты» MM |
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қармақшы кенті, Қорқыт Ата к., 1. |
тел. 8 (72437) 2-12-34, |
5. |
«Шиелі ауданы әкімінің аппараты» MM |
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Т. Рысқұлов к., 6. |
тел. 8 (72432) 4-28-00, 4-15-90 |
6. |
«Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты» MM |
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, М. Кекенов к., 37. |
Тел. 8 (72435) 2-24-29 |
7. |
«Сырдария ауданы әкімінің аппараты» MM |
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Теренөзек кенті, Абай к., 1. |
Тел. 8 (72436) 2-13-53 |
8. |
«Жалағаш ауданы әкімінің аппараты» MM |
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Әйтеке би к., 12. |
Тел. 8 (72431) 3-13-45 |
9. |
«Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» MM |
Қызылорда облысы, Қызылорда қ., Бөкейхан к., н/ж. |
Тел: 8(7242)23-67-00 |
11. МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ |
|||
1. |
«Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» MM |
Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 14ш.а.., 1 үй. |
тел: 8 (7292) 31-42-15; |
2. |
«Ақтау қаласы әкімінің аппараты» MM |
Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 4 ш.а.., 72 үй. |
тел: 8 (7292) 33-65-00; |
3. |
«Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» MM |
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қ., Сәтбаев к., 1. |
тел: 8 (72934) 3-19-81; |
4. |
«Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» MM |
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу а., Д. Тәжиев к., аудан әкімдігі. |
тел: 8 (72932) 2-11-42; |
5. |
«Қарақия ауданы әкімінің аппараты» MM |
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық а., Досан Батыр к., 8. |
тел: 8 (72937) 2-13-85; |
6. |
«Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты» MM |
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе а., Орталық к., 1. |
тел: 8(72931)2-11-31; |
7. |
«Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» MM |
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау а., аудан әкімдігі. |
тел/факс 8 (7292) 46-62-00, факс: 8 (7292) 46-62-16 E-mail: munaily-akimat@mail.ru |
8. |
«Түпқараған ауданы әкімінің аппараты» MM |
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко к. Д. Тәжіұлы., 13. |
Тел: 8 (72938) 2-21-12; |
12. ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ |
|||
1. |
«Павлодар облысы әкімінің аппараты» ММ |
Павлодар облысы, Павлодар қ., Академик Сәтбаев к., 49. |
Тел. 8(7182)32-22-09, 32-72-32 |
2. |
«Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай а., Абай к., 75. |
Тел/факс: 8 (71841) 2-14-50, E-mail: kense.aakr@pavlodar.gov.kz |
3. |
«Баянауыл ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл а., Сәтбаев к., 45. |
Тел: 8 (71840) 9-12-03, |
4. |
«Железинский ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Павлодар облысы, Железинский ауданы, Железинка а., Әуезов к., 19. |
Тел/факс: 8 (71831) 2-21-40, E-mail: kense.azhr@pavlodar.gov.kz |
5. |
«Ертіс ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс а., Қажымұқан к., 118. |
Тел: 8 (71832) 2-10-68, |
6. |
«Қашыр ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Павлодар облысы, Қашыр ауданы, Қашыр а., Елгин к., 172. |
Тел/факс: 8 (71833) 2-15-70, |
7. |
«Лебяжин ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Павлодар облысы, Лебяжин ауданы, Лебяжье а., Вс. Иванов к., 93. |
Тел/факс: 8 (71839) 2-10-32, |
8. |
«Май ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Павлодар облысы, Май ауданы, Май а., Қазыбек би к., 23. |
тел/факс: 8 (71838) 9-11-07, E-mail: kense.amr.@pavlodar.gov.kz |
9. |
«Павлодар ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Павлодар қ., Қайырбаев к., 32. |
тел/факс: 8 (7182) 32-42-95, E-mail: kense.apr@pavlodar.gov .kz |
10. |
«Успенский ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Павлодар облысы, Успенский ауданы, Успенка а., Ленин к., 71. |
тел/факс: 8 (71834) 9-19-37, |
11. |
«Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты а., Кенес к., 51. |
тел: 8 (71836) 2-19-91, |
12. |
«Ақсу қаласы әкімінің аппараты» ММ |
Павлодар облысы, Ақсу қ., Бейбітшілік к., 52. |
тел/факс: 8 (71837) 5-10-63, |
13. |
«Павлодар қаласы әкімінің аппараты» ММ |
Павлодар облысы, Павлодар к., Қайырбаев к., 32. |
тел: 8 (7182) 32-01-80, |
14. |
«Екібастұз каласы әкімінің аппараты» ММ |
Павлодар облысы, Екібастұз қ., Ленин к., 45. |
тел/факс: 8 (71873) 4-09-35, E-mail: kense.aer@pavlodar.gov.kz |
13. СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ |
|||
1. |
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ |
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к., 58. |
тел: 8 (7152) 33-19-20, 46-28-95, |
2. |
«Айыртау ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл а., Ш. Уәлиханов к., 44. |
тел: 8 (71533) 2-11-02, 2-16-66, |
3. |
«Ақжар ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық а., Целинная к., 15. |
тел: 8 (71546) 2-14-41, 2-12-67, |
4. |
«Аққайың ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирнове а., Народная к., 50. |
тел: 8 (71532) 2-12-64, |
5. |
«Есіл ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка а., Ленин к., 20. |
тел: 8 (71543 2-15-01, 2-11-67, |
6. |
«Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» MM |
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Пресновка а., Достық к., 10. |
тел: 8 (71544) 2-12-32, 2-12-06, |
7. |
«М. Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты» MM |
Солтүстік Қазақстан облысы, М. Жұмабаев ауданы, Булаево қ., Юбилейная к., 56. |
тел: 8 (71531) 2-15-57, 2-00-10, |
8. |
«Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» MM |
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл а., Гагарин к., 11. |
тел: 8 (71538) 2-12-01, 2-11-70, |
9. |
«Мамлют ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлют қ., С. Мұқанов к., 12. |
тел: 8 (71541) 2-15-90, 2-19-75, |
10. |
«Ғ. Мүсірепов атындағы ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ. Мүсірепов атындағы аудан, Новоишимское а., Абылайхан к., 28. |
тел: 8 (71535) 2-13-07, 2-16-36, |
11. |
«Тайынша ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қ., Қазақстан Конституциясы к., 197. |
тел: 8 (71536) 2-16-65, 2,14-70, |
12. |
«Тимирязев ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев а., Ш. Уәлиханов к., 1. |
тел: 8 (71537) 2-00-03, 2-15-33, |
13. |
«Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл а., Ш. Уәлиханов к., 85. |
тел: 8 (71542) 2-12-44, 2-18-21, |
14. |
«Шал Ақын ауданы әкімінің аппараты» MM |
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал Ақын ауданы, Сергеевка қ., Жеңіс к., 35. |
тел: 8 (71534)2-12-41, 2-03-84, |
14. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ |
|||
1. |
«Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» MM |
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент к., Тоқаев к., 17. |
тел: 8 (7252) 53-91-86, 53-03-71 |
2. |
«Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты» MM |
Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян а., Б. Қарашаұлы к., 49. |
тел. 8 (72548) 2-22-68 E-mail: nurjan82@mail.ru |
3. |
«Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты» MM |
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт а., Қонаев к., 95. |
тел. 8 (72539) 2-31-31 |
4. |
«Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты» MM |
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Жетісай қ., М. Әуезов к., 20. |
тел.: 8 (72534) 6-15-67 |
5. |
«Ордабасы ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан а., Т. Әубәкіров к., 4. |
тел.: 8 (72530) 2-13-00 E-mail: ordasy_ore@mail.ru |
6. |
«Отырар ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір а., Жібек жолы д-лы, 25. |
тел.: 8 (72544) 2-14-42 E-mail: otrar_akimat@mail.ru |
7. |
«Сайрам ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент а., Жібек жолы к., 95. |
тел.: 8 (72531) 2-03-50 E-mail: sairam_adm@mail.ru |
8. |
«Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қ., Исмаилов к., 37. |
тел.: 8 (72537) 2-26-28 E-mail: saryagashakim@mail.ru |
9. |
«Созақ ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған а., Жібек жолы, н/ж. |
тел.: 8 (72546) 4-14-89 E-mail: suzak-akim@mail.ru |
10. |
«Төле би ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Леңгір қ., Әйтеке би к., 28. |
тел.: 8 (72547) 6-21-35 E-mail: tolebi.akim@mail.ru |
11. |
«Түлкібас ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Т. Рысқұлов а., Т. Рысқұлов к., 201. |
тел.: 8 (72538) 5-33-00 E-mail: trkoo@mail.ru |
12. |
«Шардара ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Шардара қ., Төле би к., 41. |
тел.: 8 (72535) 2-28-70 E-mail: bahal980_80@mail.ru |
13. |
«Арыс қаласы әкімінің аппараты» ММ |
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қ., Әл Фараби к., 3. |
тел.: 8 (72540) 2-28-77 E-mail: orgotdel_arys@mail.ru |
14. |
«Кентау қаласы әкімінің аппараты» MM |
Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қ., Яссауи к., 87. |
тел.: 8 (725 36) 3-72-44 E-mail: akimat_kentay@mail.ru |
15. |
«Түркістан қаласы әкімінің аппараты» MM |
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан к., Есім хан алаңы, 3. |
тел.: 8 (725 33) 4-10-05 E-mail: tur_akimat@mail.ru |
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге
және тұруға келген денсаулық сақтау,
білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет және спорт мамандарына
әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы үлгі келісім
Елді мекен ___________ 20 ___ жылғы «__» _________
Бұдан әрі «Әкімші» деп аталатын «__________ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің атынан басшы бір тараптан, бұдан әрі «Алушы» деп аталатын әлеуметтік көмек алушы екінші тараптан және бұдан әрі «Сенім білдірілген өкіл (агент)» деп аталатын үшінші тараптан төмендегілер туралы осы Өзара міндеттемелер келісімін (бұдан әрі - Келісім) жасасты:
1. Келісімнің мәні
Тараптар өзара жауапкершілікті және келісімді ескере отырып, еш қайсысының тарапынан мәжбүрлеусіз, өздеріне толық көлемде орындалуға тиіс міндеттемелер қабылдайды, атап айтқанда:
1. Әкімші _______________________________________ мәслихатының 20 _____ жылғы «__» ____________ № _______ шешімінің негізінде өзіне мынадай түрдегі әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуға міндеттемелер қабылдайды:
1) __________________ теңге мөлшерінде көтерме жәрдемақы төлеу;
2) _____ жыл мерзімге _________________ ________________ теңге сомасында тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру.
2. Алушы өзіне жоғарыда көрсетілген әлеуметтік қолдау шараларын алған кезде __________ елді мекенінде орналасқан _________ (денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт) ұйымында кемінде бес жыл жұмыс істеуге міндеттеме қабылдайды.
3. Сенім білдірілген өкіл (агент) өзіне тапсырыс шарты негізінде Әкімшінің атынан және есебінен және оның нұсқамаларына сәйкес бюджеттік кредит беруге байланысты белгілі бір тапсырмаларды орындауға міндеттеме қабылдайды.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
1. Әкімші:
1) Алушыдан осы Келісімге сәйкес өзіне алған міндеттемелерді адал және тиісінше орындауды талап етуге құқылы.
2. Әкімші:
1) аудан әкімдігінің қаулысы қабылданғаннан кейін он жұмыс күні ішінде және осы Келісім негізінде көтерме жәрдемақының тағайындалған сомасын Алушының жеке есеп шотына аударуға міндетті.
3. Алушының:
1) комиссияның жұмыс органының талабы бойынша қажетті құжаттарды тапсыру кезінде әлеуметтік қолдау шараларын ерікті түрде таңдауға;
2) бес жыл мерзім өткенге дейін өндірістік жағдайларға байланысты немесе әкімшіліктің бастамасына байланысты басқа ауылдық елді мекендерге жұмысқа ауысқан кезде алынған әлеуметтік қолдау шараларына құқығын сақтауға құқығы бар.
4. Алушы:
1) әлеуметтік қолдау шараларын алған күннен бастап 60 күн ішінде комиссияның жұмыс органына бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылғаны туралы растаушы құжаттарды беруге;
2) меншігіне сатып алынған жылжымайтын мүлікті әділет органдарында тіркегеннен кейін сенім білдірілген өкілге (агентке) тұрғын үйге арналған құжаттардың түпнұсқасын осы Келісімді кемінде бес жыл мерзімге қамтамасыз ету жөніндегі кепіл ретінде беруге;
3) және органына тоқсан сайын жұмыс орнынан анықтама ұсынуға;
4) осы Келісімнің шарттары орындалмаған жағдайда әлеуметтік қолдау шаралары ретінде алынған бюджет қаражатын толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.
5. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің):
1) қарыз алушымен есеп айырысуды жүргізуге;
2) қарыз алушылардың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізуге құқығы бар.
6. Сенім білдірілген өкіл (агент):
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бюджеттік кредитке қызмет көрсетуге;
2) кредиттік шарт бойынша әлеуметтік қолдау шараларын алған маман міндеттемелерінің орындалуына мониторинг жүргізуге;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қарыз алушылардан берешектерді өндіріп алуды жүзеге асыруға міндетті.
3. Дауларды шешу
1. Осы Келісімді орындау кезінде туындауы мүмкін барлық мәселелер мен келіспеушіліктер мүмкіндігіне қарай Тараптардың арасындағы келіссөздер жолымен шешілетін болады.
2. Егер даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен реттелмейтін болса, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешілуге тиіс.
4. Келісімнің қолданылу мерзімі
1. Осы Келісім оған тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Келісімнің қолданысы 20 ___ жылғы «__» _________ басталады.
2. Келісім бірдей заң күші бар үш данада жасалды.
5. Тараптардың заңды мекенжайлары
Әкімші Алушы Сенім білдірілген
өкіл (агент)
_______________ ________________ ___________________
_______________ ________________ ___________________
_______________ ________________ ___________________
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге
және тұруға келген денсаулық сақтау,
білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет және спорт мамандарына
әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну»
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша
_________________ облысы
_______________ауданының
әкімі __________________
тегі, аты-жөні
________________________
мекенжайында тұратын
________________________
жұмыс орны, қызметі
________________________
өтініш берушінің аты,
________________________
әкесінің аты, тегі
Өтініш
Сізден Келісімнің (қоса беріліп отыр) мөлшерінде және шарттарында маған көтерме жәрдемақы төлеуіңізді және/немесе тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит ресімдеу құқығын беруіңізді сұраймын.
_________________ _____________
күні қолы
Құжаттар қабылданды:
20 __ жылғы «__» _______
___________ _________________________________________________________
қолы құжаттарды қабылдаған лауазымды адамның Т.А.Ә.
_____________________________________________________________________ (қию сызығы)
Өзгерістер туындаған жағдайда, олар туралы 15 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін. Дұрыс емес мәліметтер мен жасанды құжаттар бергенім үшін жауапкершілік туралы маған ескертілді.
Азамат _______________________ өтініші қоса берілген ____ дана санындағы құжаттармен бірге 20 __ жылғы «__» ____________ қабылданды.
_________ _____________________________________________________ қолы құжаттарды қабылдаған лауазымды адамның ТА.Ә.
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге
және тұруға келген денсаулық сақтау,
білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет және спорт мамандарына
әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну»
мемлекеттік қызмет стандартына
4-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және тиімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні |
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақыттылылығы |
|||
1.1 .Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі) |
100 |
||
2. Сапасы |
|||
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
100 |
||
3. Қол жетімділік |
|||
3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
100 |
||
3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі) |
100 |
||
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
100 |
||
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
100 |