Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1050 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік материалдық резерв мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 3 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтармен операция жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 237 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасау ережесінде:
      2-тармақтың 1) тармақшасында «жағдайлардың» деген сөзден кейін «алдын алу және олардың» деген сөздермен толықтырылсын;
      13-тармақ «көмек көрсету» деген сөздерден кейін «, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою, жаңарту тәртібімен басқа мемлекеттік органдардың балансына беру» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
      «15-1. Мемлекеттік материалдық резервтің жаңартылуға жататын материалдық құндылықтарын басқа мемлекеттік органдардың балансына беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Операция жасау жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік материалдық резервтің басқа мемлекеттік органдардың балансына берілген материалдық құндылықтарының құнын өтеу тиісті жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік органдар олардың балансына мемлекеттік материалдық резервтен жаңартылуға жататын материалдық құндылықтарды берген сәттен бастап он күн мерзімде республикалық бюджеттің кірісіне берілген материалдық құндылықтардың құнын салу бағасынан төмен емес баға бойынша өтеуді қамтамасыз етеді.»;
      құпия;
      2) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 523-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:
      14-тармақ мынадай мазмұндағы елу жетінші, елу сегізінші және елу тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
      «мемлекеттік резервтің номенклатурасын толықтыру мақсатында жұмылдыру резервінің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдау;
      шығарылатын материалдық құндылықтарды алушыларды - сауда қызметінің субъектілерін, сауда үстемесінің көлемін, бағасын және мөлшерін көрсете отырып, нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін материалдық құндылықтарды шығару қажеттілігі туралы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның ұсынысын келісу;
      нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін сауда қызметінің субъектілерімен шарт жасасу арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервтен шығару;»;
      3) «Мемлекеттік резервті сақтауды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің шығындарын өтеу, сондай-ақ төтенше жағдайлардың зардаптарын жою, нарыққа реттеушілік ықпал ету және ізгілік көмек көрсету үшін шығарылатын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 556 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 262-құжат):
      тақырыбында және 1-тармақта «жағдайлардың» деген сөзден кейін «алдын алу және олардың» деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік резервті сақтауды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің шығындарын өтеу, сондай-ақ төтенше жағдайлардың зардаптарын жою, нарыққа реттеушілік ықпал ету және ізгілік көмек көрсету үшін шығарылатын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу ережесінде:
      тақырыбында және 1-тармақта «жағдайлардың» деген сөзден кейін «алдын алу және олардың» деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тараудың тақырыбында «жағдайлардың» деген сөзден кейін «алдын алу және олардың» деген сөздермен толықтырылсын;
      9 және 11-тармақтарда «жағдайлардың» деген сөзден кейін «алдын алу және олардың» деген сөздермен толықтырылсын;
      12-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Бұл ретте шығындарды өтеу сомасын айқындау үшін статистика органдары, сондай-ақ нарықта өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар беретін ұқсас тауарлардың құны туралы деректер ескеріледі.»;
      14-тармақ алып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов