Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесінің аумағын кеңейтудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 қазандағы № 1025 Қаулысы

Жаңартылған

      Алакөл-Сасықкөл көлдері жүйесінің сулы-батпақты алқаптарының бірегей биологиялық әртүрлілігін сақтау мақсатында және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының су қоры жерлерінен жалпы алаңы 933 гектар жер учаскелері алынсын.
      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелері және Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының аумағындағы жалпы алаңы 44572 гектар босалқы жерлер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалануға «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) берілсін.
      3. Осы қаулыға қосымшада көрсетілген мекеменің жер учаскелері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің санатына ауыстырылсын.
      4. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгіленген тәртіппен осы аймақ шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге теріс әсер ететін кез келген қызметке тыйым сала және (немесе) шектеу қоя отырып, мекеме жерлерінің төңірегінде күзет аймағын белгілесін.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 5 қазандағы
№ 1025 қаулысына 
қосымша      

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға берілетін Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының аумағындағы жерлердің экспликациясы

Санаты мен жер құрамы

Алаңы, га

Үржар ауданы -


1) босалқы жерлер,

44572,0

жайылымдар

7205,9

шабындықтар

269,0

өзге алқаптар

37097,1

2) су қорының жерлері:

933,0

Барлығы:

45505,0