Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2242 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 қазандағы № 1020 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Орта мерзімді кезеңге (2010 - 2012 жылдарға) арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2242 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 3, 28-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген орта мерзімді кезеңге (2010 - 2012 жылдарға) арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесінде:
      «Жақсартылуы және пайдаланылуы концессия шарты негізінде жүзеге асырылатын қолда бар мемлекеттік меншік объектілері» деген 1-бөлімде:
      реттік нөмірі 4-жол алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-1-жолмен толықтырылсын:
«

5-1.

Зияткерлік-көліктік және төлем жүйесін енгізу (ЗКТЖ) және «Астана - Көкшетау қаласы арқылы Петропавл» автомобиль жолының «Астана - Щучье» учаскесін пайдалану

ККМ

                                                            ».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов