Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1010 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 512-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Ырсалиев                 - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Серік Әзтайұлы             вице-министрі,

Құрманғалиева            - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Аида Дәденқызы             вице-министрі,

Смайылов                 - Қазақстан Республикасының Төтенше
Жанболат Амангелдіұлы      жағдайлар вице-министрі,

Айдарханов               - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Арман Тергеуұлы            министрлігі Фармацевтикалық және
                           медициналық қызметті бақылау комитетінің
                           төрағасы,

Иманбаев                 - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Болат Бәріұлы              технологиялар министрлігі Халықаралық
                           ынтымақтастық департаментінің директоры;

      мына:

«Бекетаев                - Қазақстан Республикасының Әділет
Марат Бақытжанұлы          вице-министрі»,

«Мағауов                 - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Әсет Маратұлы              минералдық ресурстар вице-министрі»,

«Сүлейменов              - Қазақстан Республикасының Экономика және
Тимур Мұратұлы             бюджеттік жоспарлау вице-министрі,
                           төрағаның орынбасары»,

«Шолпанқұлов             - Қазақстан Республикасының Қаржы
Берік Шолпанқұлұлы         вице-министрі»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Бекетаев                - Қазақстан Республикасы Әділет
Марат Бақытжанұлы          министрлігінің жауапты хатшысы»,

«Мағауов                 - Қазақстан Республикасының Мұнай және
Әсет Маратұлы              газ вице-министрі»,

«Сүлейменов              - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Тимур Мұратұлы             даму және сауда вице-министрі»,

«Шолпанқұлов             - Қазақстан Республикасының Қаржы
Берік Шолпанқұлұлы         вице-министрі, төрағаның орынбасары»;

      көрсетілген құрамнан Сыздық Асылбекұлы Баймұқанов, Тамара Анатольевна Вощенкова, Фархад Шаймұратұлы Қуанғанов, Еділ Құламқадырұлы Мамытбеков, Абылай Қиялұлы Сабдалин шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов