Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 982 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібінде:
      3-тармақта:
      16) тармақшаның екінші абзацында «16-4)» деген сандардан кейін «, 16-5)» деген сандармен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 16-5) тармақшамен толықтырылсын:
      «16-5) білім беру бағдарламаларын енгізу мен іске асыру және (немесе) білім беру қызметтерін көрсету туралы келісімдер бойынша «Назарбаев Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына іссапарға жіберілгендер;».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов