Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 және 2010 жылғы 1 наурыздағы № 153 қаулыларына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 977 Қаулысы

Жаңартылған

      «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 633-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентте:
      6, 7, 8-тармақтардағы «Еуро-2 экологиялық кезеңінде», «Еуро-3 экологиялық кезеңінде», «Еуро-4 экологиялық кезеңінде» деген сөздер тиісінше «2-экологиялық кезеңде», «3-экологиялық кезеңде», «4-экологиялық кезеңде» деген сөздермен, 14 және 15-тармақтардағы «Еуро-2 экологиялық кезеңі», «Еуро-3 экологиялық кезеңі», «Еуро-4 экологиялық кезеңі» деген сөздер тиісінше «2-экологиялық кезең», «3-экологиялық кезең», «4-экологиялық кезең» деген сөздермен, 16-тармақтағы «Еуро-2 экологиялық кезеңінің» деген сөздер «2-экологиялық кезеңнің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:
      «17. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын, бұрын пайдаланылған автокөлік құралдарының 3-экологиялық кезеңнің талаптарына сәйкестігін растау Техникалық регламентке 5-қосымша ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;
      Техникалық регламентке 4-қосымшада:
      тақырыбындағы «Еуро-2 экологиялық кезеңі» деген сөздер «2-экологиялық кезең» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Олардың шығарылу жылына байланысты Еуро-2 талаптарына сәйкестігі» деген бағандағы «Еуро-2» деген сөз «2-экологиялық кезеңнің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес Техникалық регламентке 5-қосымшамен толықтырылсын;
      2) «Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламентін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 153 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 20-21, 158-құжат):
      3-тармақтағы «2010 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін Техникалық регламенттің 63-тармағын қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде:
      1-тармақта:
      «ҚР СЭК ТН коды» деген сөздер «КО СЭК ТН коды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «2710 19 610 0 - 2710 19 690 0» деген сандар «2710 19 6101 - 2710 19 6909» деген сандармен ауыстырсын;
      60-тармақта:
      «Еуро-2 экологиялық сыныбы», «Еуро-3 экологиялық сыныбы», «Еуро-4 экологиялық сыныбы» деген сөздер тиісінше «2-экологиялық сынып», «3-экологиялық сынып», «4-экологиялық сынып» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «2010 жылғы 1 қыркүйектен» деген сөздер «2011 жылғы 1 қыркүйектен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      63-тармақ алып тасталсын;
      «Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне 1 және 2-қосымшаларда:
      ескертпелердегі «Техникалық регламенттің 63-тармағына сәйкес анықталады.» деген сөздер «бастапқы құрамдауыштарда өзгерістер болмаған жағдайда, өнім өндірудің бүкіл кезеңіне 1 рет анықталады.» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) тармақшасының, төртінші, бесінші және тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010.12.27 № 1413 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2010 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 977 қаулысымен   
бекітілген     

Техникалық регламентке
5-қосымша    

Автокөлік құралдары мен іштен жану қозғалтқыштарының
шығарылу жылына қарай 3-экологиялық кезең бойынша
техникалық регламенттің талаптарына сәйкестік кестесі

Автокөлік құралдарының және (немесе) олардың қозғалтқыштарының шығарылған елі

3-экологиялық кезеңнің талаптарына сәйкес келетін көлік құралдарының шығарылған жылы

Еуропалық Одаққа кіретін,* бензин қозғалтқыштары

2001 жылдан бастап және одан кейінгі

Еуропалық Одаққа кіретін,*  дизельдер

2002 жылдан бастап және одан кейінгі

АҚШ

2001 жылдан бастап және одан кейінгі

Жапония

2005 жылдан бастап және одан кейінгі

Канада

2004 жылдан бастап және одан кейінгі

Үндістан

2010 жылдан бастап және одан кейінгі

Қытай

2008 жылдан бастап және одан кейінгі

Корея

2003 жылдан бастап және одан кейінгі

Ескертпе:
      * Еуропалық Одаққа: Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Польша, Португалия, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция және Эстония кіреді;
      осы қосымшаны сәйкестікті растау рәсімін өткізу кезінде сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдар қолданады.