«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік табиғи қорығы аймағының аумағы 710 га азайтылсын.
2. Маңғыстау облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген аумақтан жер учаскелерін «Өзен - Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» темір жол желісінің құрылысына беруді қамтамасыз етсін.
3. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 қарашадағы № 1074 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж,, № 42, 457-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:
«Маңғыстау облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 75-жолдың 3-бағанындағы «1 231 000» деген сандар «1 230 290» деген сандармен ауыстырылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов