Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының бұрынғы әскери объект - «Дарьял-У» радиолокациялық станциясы аумағының экологиялық жағдайын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2099 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
«Рақымбеков - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары»,
Төлеутай Сатайұлы
«Нұхұлы - Қазақстан Республикасы Білім және
Алтынбек ғылым министрлігі Ғылым комитеті
төрағасының орынбасары»;
мына:
«Ким - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Александр Афанасьевич минералдық ресурстар министрлігі Атом
энергетикасы комитеті төрағасының
орынбасары»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Ким - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Александр Афанасьевич жаңа технологиялар министрлігі Атом
энергиясы комитеті төрағасының
орынбасары»;
көрсетілген құрамнан А.Ж. Дүйсебаев, В.В. Могильный, Б.Н. Сәрсенов шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов