«Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Коммуналдық меншіктен берілетін Алматы қаласының «А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған қазақ орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) мүліктік кешен ретінде заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншікке қабылданып Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағына берілсін.
2. Алматы қаласының «А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған қазақ орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, мекемені қабылдап алуды-беруді жүзеге асырсын;
2) мекеменің жарғысын бекітуді және оның әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2004 ж., № 40, 522-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Мемлекеттік мекемелер» деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«94. А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты»;
2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
3-бағанда:
реттік нөмірі 12-жолдағы «2655,5» деген сандар «2800,5» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде» деген жолдағы «1959,5» деген сандар «2104,5» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты 145».
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов