Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қарашадағы № 1115 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 тамыздағы № 848 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Денсаулық сақтау саласында аттестаттауды өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қарашадағы № 1115 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 43, 467-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов