1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
1-1) тармақша «ұлттық басқарушы» деген сөздердің алдынан «агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) акционерлік қоғам - агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдинг акционер ретінде мемлекет мүддесін білдіретін мемлекеттік органның шешіміне сәйкес таза кірістің кемінде 10 (он) пайызы мөлшерінде акцияларға дивидендтер есептеуді жүзеге асырады;».
2. Осы қаулы 2009 жылғы 13 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов