Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді және оларға сараптама жүргізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 жылға арналған бөлінетін 004 «Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және оның сараптамасы» бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 534 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбында және 1-тармақта «және оларға сараптама жүргізуді» және «және оның сараптамасы» деген сөздер тиісінше «немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді», «немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу» деген сөздермен ауыстырылсын;
техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді және оларға сараптама жүргізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 жылға арналған бөлінетін 004 «Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және оның сараптамасы» бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 23 тамыздағы
№ 828 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 8 маусымдағы
№ 534 қаулысымен
бекітілген
Техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе
түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді
қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
2010 жылға арналған бөлінетін 004 «Республикалық бюджеттік
инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін
әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар
жүргізу» бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебіне»
жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық
жобалардың тізбесі
Р/с |
Жобаның атауы |
Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру көлемі (мың теңге). |
1 |
2 |
3 |
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі |
||
1 |
«е-Статистика» интеграцияланған ақпарат жүйесін жасау және дамыту |
15 000 |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
||
2 |
Ақмола облысы Шортанды ауданы Научный кентінде ғылыми-білім беру кешенін (агроөнеркәсіп кешені) құру |
134 451 |
Барлығы: |
149 451 |