«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан объектілердің энергия үнемдеуіне сараптама жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 ақпандағы № 167 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 5-6, 67-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан объектілердің энергия үнемдеуін сараптама жасаудың ережесінде:
4-тармақтағы «Энергетика және минералдық ресурстар» деген сөздер «Индустрия және жаңа технологиялар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) «Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесін жене оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 608-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Өнеркәсіп саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау ережесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі лицензиялайтын қызмет түрлерінің тізбесі осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі лицензиялайтын қызмет түрлерінің тізбесі осы Ережеге 1-1-қосымшада көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі лицензиялайтын қызмет түрлерінің тізбесі осы Ережеге 2-қосымшада көрсетілген.»;
көрсетілген Ережеге 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген Ереже осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес l-1-қосымшамен толықтырылсын;
3) «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
32) тармақшада «жүзеге асырады.» деген сөздер «жүзеге асырады;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 33) тармақшамен толықтырылсын:
«33) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 23 тамыздағы
№ 826 қаулысына
1-қосымша
Өнеркәсіп саласындағы
жекелеген қызмет түрлерін
лицензиялау ережесіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
лицензиялайтын қызмет түрлерінің
тізбесі
1. Тау-кен, мұнай-химия өндірістерін жобалау және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық).
Бұл қызмет түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
1) тау-кен өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану;
2) мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндіруді жобалау;
3) мұнай-газ кен орындарын игеруге арналған жобалар мен технологиялық регламенттерді жасау;
4) мұнай-газ кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау;
5) мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндіру;
6) шахталарды (мұнай-газ кен орындарын) жабу жөніндегі тарату жұмыстары;
7) кен орындарында (мұнай, газ, мұнай-газ конденсаты) технологиялық жұмыстар жүргізу;
8) мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстары;
9) мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары;
10) мұнай, газ ұңғымаларын, оның ішінде теңізде және ішкі су айдындарында бұрғылау;
11) ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу, жабдық пен агрегаттарды бөлшектеу, мұнай-газ ұңғымаларында ұңғымалар көтергішін орнату;
12) мұнай-газ ұңғымаларында ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау;
13) мұнай-газ ұңғымаларында ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру;
14) мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту;
15) құрлықта және теңізде мұнай төгілуінің, ұңғымалардың өздігінен атқылауының, мұнай және газ шығарындыларының (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) алдын алу және оларды жою жөніндегі жұмыстар, ұңғымаларды консервациялау;
16) мыналардың:
органикалық химия (мұнай, газ, мұнай-газ конденсаты); каучук, шина, резеңке-техника өнеркәсібі өнімдерінің, техникалық көміртегінің, химиялық талшықтардың, полимерлік материалдар мен пластмассаның;
құрамында мұнай бар қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану;
17) басқа мемлекеттердің аумағында орындалған және Қазақстан Республикасында енгізілетін жер қойнауын (мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын) пайдалану, мұнай-газ өңдеу, мұнай-химия өндірістері саласындағы жобалық және жобалау-сметалық құжаттаманы сараптау;
18) мына:
мұнайды бастапқы және терең өңдеу өнімдерінің;
октан санын арттыру мақсатында компаундирлеу, тауарлық бензиндерге телімдер, қоспалар және құрамдауыштар енгізу жөніндегі;
белгіленген сипаттағы бензин алу мақсатында компаундирлеу, кондициялық емес мұнай өнімдеріне телімдер, қоспалар мен құрамдауыштар енгізу жөніндегі;
дизель отынына, мазутқа телімдер мен қоспалар енгізу жөніндегі;
мұнай майларына телімдер енгізу жөніндегі мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық).
2. Мұнай-газ саласында бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау (мұнай-газ кен орындарында), жарылыстан қорғалған электр техникалық жабдықты (мұнай-газ кен орындарын), көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс қысымы 0,7 кг/см -ден жоғары және жылу жеткізу температурасы 115оС жоғары қазандықтарды, 0,7 кг/см2-ден жоғары қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен құбыржолдарды жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу (бірыңғай технологиялық үдерісте пайдаланылатын жабдықтары жобалауды, дайындауды, монтаждауды, жөндеуді қоспағанда).
Бұл қызмет түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
1) жобалау (жабдық дайындау үшін қажетті техникалық-экономикалық негіздемені, есептерді, сызбаларды, макеттерді, сметаларды, түсіндірме жазбаларды қамтитын кешенді техникалық, конструкторлық-технологиялық құжаттаманы әзірлеу);
2) дайындау (тұтас жабдықты, жекелеген элементтерді, түйіндерді, бөлшектерді, бөліктерді, блоктарды, қосалқы құрылғыларды);
3) монтаждау (құрылыстарды, конструкцияларды, технологиялық жабдықты, агрегаттарды, машиналарды, аппараттарды, аспаптар мен дайын бөлшектерден, түйіндерден, элементтерден жасалған басқа құрылғыларды өндірісті, объектіні пайдалану кезеңінде құрастыру, реттеу және орнату);
4) жөндеу (техникалық құрылғының жай-күйінің диагностикасы, оның дайындығын немесе жұмыс қабілетін қалпына келтіру, элементтерін ауыстыру, бұзылған жерлерін жөндеу, жою).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 23 тамыздағы
№ 826 қаулысына
2-қосымша
Өнеркәсіп саласындағы
жекелеген қызмет түрлерін
лицензиялау ережесіне
1-1-қосымша
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігі лицеизиялайтын қызмет түрлерінің
тізбесі
1. Тау-кен, химия өндірістерін жобалау және (немесе) пайдалану.
Бұл қызмет түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
1) қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндіруді жобалау;
2) қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын игеруге арналған жобалар мен технологиялық регламенттерді жасау;
3) қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау;
4) қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндіру;
5) қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық және жер асты тәсілдерімен ашу және игеру;
6) пайдалы қазбаларды өндіру үшін жарылыс жұмыстарын жүргізу;
7) кеніштер мен шахталарды жабу жөніндегі тарату жұмыстары (мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын қоспағанда);
8) кен орындарында технологиялық жұмыстар жүргізу (мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын қоспағанда);
9) ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу; жабдық пен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергішін орнату (мұнай-газ ұңғымаларын қоспағанда);
10) ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау (мұнай-газ ұңғымаларын қоспағанда);
11) ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру (мұнай-газ ұңғымаларын қоспағанда);
12) мыналардың:
органикалық (мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын қоспағанда) және органикалық емес химия өнімдерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану;
13) басқа мемлекеттердің аумағында орындалған және Қазақстан Республикасында енгізілетін жер қойнауын (мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын қоспағанда) пайдалану, химиялық өндіріс саласындағы жобалық және жобалау-сметалық құжаттаманы сараптау.
2. Минералдық шикізатты қайта өңдеу (кеңінен таралған пайдалы қазбаларды қайта өңдеуді қоспағанда).
Бұл қызмет түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
1) пайдалы қазбаларды бөлудің физикалық тәсілі;
2) пайдалы қазбаларды бөлудің физика-химиялық тәсілі;
3) пайдалы қазбаларды бөлудің химиялық тәсілі;
4) пайдалы қазбаларды бөлудің металлургиялық (пирометаллургия, күйдіру, гидрометаллургия, қыздыру) тәсілі;
5) құрамында пайдалы қазба бар тау-кен, байыту, металлургиялық және басқа да өнеркәсіптік өндірістердің қалдықтарын өңдеу.
3. Тау-кен саласында химиялық, бұрғылау, геологиялық барлау, кен-шахта, металлургиялық, энергетикалық, жарылыстан қорғалған электр техникалық жабдықты, көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс қысымы 0,7 кг/см2-ден жоғары және жылу жеткізу температурасы 115оС жоғары қазандықтарды, 0,7 кг/см2-ден жоғары қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен құбыржолдарды жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу (бірыңғай технологиялық үдерісте пайдаланылатын жабдықтары жобалауды, дайындауды, монтаждауды, жөндеуді қоспағанда).
Бұл қызмет түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
1) жобалау (жабдық дайындау үшін қажетті техникалық-экономикалық негіздемені, есептерді, сызбаларды, макеттерді, сметаларды, түсіндірме жазбаларды қамтитын кешенді техникалық, конструкторлық-технологиялық құжаттаманы әзірлеу);
2) дайындау (тұтас жабдықты, жекелеген элементтерді, түйіндерді, бөлшектерді, бөліктерді, блоктарды, қосалқы құрылғыларды);
3) монтаждау (құрылыстарды, конструкцияларды, технологиялық жабдықты, агрегаттарды, машиналарды, аппараттарды, аспаптар мен дайын бөлшектерден, түйіндерден, элементтерден жасалған басқа құрылғыларды өндірісті, объектіні пайдалану кезеңінде құрастыру, реттеу және орнату);
4) жөндеу (техникалық құрылғының жай-күйінің диагностикасы, оның дайындығын немесе жұмыс қабілетін қалпына келтіру, элементтерін ауыстыру, бұзылған жерлерін жөндеу, жою).