Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Үлестік құрылыстың проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесі құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Үлестік құрылыстың проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесі туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 18 тамыздағы
№ 823 қаулысына
қосымша
Үлестік құрылыстың проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі
бірыңғай үйлестіру кеңесінің құрамы
Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.08.31 № 987 Қаулысымен.
Мәсімов - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі,
Кәрім Қажымқанұлы төраға
Шөкеев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Өмірзақ Естайұлы бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары
Кравченко - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының
Андрей Николаевич орынбасары, төрағаның орынбасары (келісім
бойынша)
Қасымов - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Қалмұханбет министрі
Нұрмұханбетұлы
Жәмішев - Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы
Түсіпбеков - Республикасының Әділет министрі
Рашид Төлеутайұлы
Нокин - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын
Серік Кеңесұлы үй-коммуналдық шаруашылық істері
агенттігінің төрағасы
Әбдіқадыров - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Еліс Нұрқасымұлы Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі
қадағалау сот алқасы төрағасының міндетін
атқарушы (келісім бойынша)
Жұмақанов - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Владимир Зейноллаұлы комитеті төрағасының бірінші орынбасары
(келісім бойынша)
Оңғарбаев - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Сәттібек Оңғарбайұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Сартаев - Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы
Исатай Бақтиярұлы барлау қызметі директорының орынбасары
(келісім бойынша)
Ким - Қазақстан Республикасы Әділет
Георгий Владимирович министрлігінің Сот актілерін орындау
комитетінің төрағасы
Жошыбаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Рәпіл Сейітханұлы министрлігінің жауапты хатшысы
Хорошун - Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары
Сергей Михайлович
Долженков - Алматы қаласы әкімінің орынбасары
Виктор Анатольевич
Өтебаев - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Мүсірәлі Смайылұлы Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы
Тихонюк - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын
Николай Петрович үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
төрағасының орынбасары хатшы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 18 тамыздағы
№ 823 қаулысымен
бекітілген
Үлестік құрылыстың проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі
бірыңғай үйлестіру кеңесі туралы ереже 1. Жалпы ережелер
1. Үлестік құрылыстың проблемалық мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес қызметінің мақсаты үлестік құрылыстың проблемалық мәселелерін шешу болып табылады.
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен құқықтары
4. Кеңестің негізгі міндеттері:
1) үлестік құрылыстың проблемалық мәселелерін шешу;
2) үлестік құрылыс және үлескерлердің құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру;
3) үлескерлерге және мемлекетке жосықсыз құрылыс салушылардың қылмыстық іс-әрекеттерінен келтірілген зиянның орнын толтыру, жосықсыз құрылыс салушылар ұрлаған мүліктің, оның ішінде елден тысқары іздестіру тиімділігін арттыру және олар қылмыстық жолмен алған табыстарды заңдастырудың алдын алу жөнінде ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
5. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін өз құзыреті шегінде:
1) мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға, сондай-ақ жұмыс топтарын ұйымдастыруға;
2) сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардан тиісті бейіндегі мамандар тартуға;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат сұратуға және алуға құқылы
3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
6. Кеңесті төраға - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқарады, ол оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Кеңес төрағасы орынбасарларының бірі орындайды.
7. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
8. Кеңестің жұмыс органы:
1) Кеңес отырысының күн тәртібін қалыптастырады;
2) Кеңестің шешімдерін орындауды қамтамасыз етеді және бақылайды;
3) Кеңес мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді.
9. Жұмысты ұйымдастыруды, Кеңес отырысына тиісті құжаттар мен материалдарды дайындауды және Кеңестің отырыстарынан кейін хаттаманы ресімдеуді Кеңес хатшысы жүзеге асырады.
Хатшы Кеңестің мүшесі болып табылмайды.
10. Кеңес отырыстарында қаралатын мәселелердің тізбесі қажеттілігіне қарай жасалады.
11. Кеңес отырыстарының материалдары Кеңес мүшелеріне Кеңестің отырысына дейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
12. Кеңестің отырысын төраға өз бастамасы бойынша, Кеңес төрағасы орынбасарының бастамасы бойынша не Кеңес мүшесінің бастамасы бойынша Кеңеске қарауға ұсынылатын материалдар негізінде шақырады.
13. Кеңес отырыстарының нәтижелері бойынша төраға қол қоятын хаттама жасалады. Кеңестің шешімі ашық дауыс беру жолымен көпшілік дауыспен қабылданады және егер оған Кеңестің отырысына қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.
14. Кеңестің шешімі ұсынымдық сипатқа ие.
15. Кеңес мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол айтылған жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және Кеңес отырысының хаттамасына қоса берілуі тиіс.
16. Кеңестің отырыстары айына кемінде бір рет өткізіледі және егер оларға оның мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, заңды болып саналады. Шұғыл шешім қабылдау қажет болған жағдайда, төрағаның шақыруымен Кеңестің кезектен тыс отырысы өткізілуі мүмкін.
4. Кеңестің қызметін тоқтату
17. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Кеңестің қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.