Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры акционерлік қоғамының жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 желтоқсандағы № 2095 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы жарғысының 57-тармағы мынадай мазмұндағы 32-1) тармақшамен толықтырылсын:
«32-1) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамының тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларды сату ережесін бекіту;».
2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов