Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
88-тармақта «және жүргізу» деген сөздер «, жүргізу және жабу» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-1, 11-1, 12-1-тараулармен толықтырылсын «Құпия».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов