Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы № 548 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 шілдедегі № 761 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 762 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.09.2015 № 762 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Салалық арттырушы коэффициенттерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы № 548 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 29, 286-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1-тармақта:
      4) тармақшадағы «1,5 болып бекітілсін.» деген сөздер «1,5;» деген сандармен ауыстырылсын;
      6) тармақшадағы «1,5.» деген сандар «1,5;» деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) электр энергетикалық кешенде - 2,0 болып бекітілсін.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов