Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2333 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 шілдедегі № 750 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемін бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2333 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2010 ж., № 5, 70-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      қаулының бүкіл мәтіні бойынша «Индустрия» деген сөз «Экономикалық даму» деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген оларға қатысты тарифтік квоталар енгізілген еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталарды бөлу әдісінде:
      11-тармақтағы «Тарифтік квота» деген сөздерден кейін «қажет болған жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдерден шығарылған және әкелінген етті қоспағанда, етті Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін тарифтік квоталар көлемін бөлуде:
      0202 СЭҚ ТН кодында:
      мына:
«

оның ішінде:


Австралия

1 439

Аргентина

4 349

Бразилия

2 297

Еуропалық одақ

1 256

басқалары

659

»

      деген жолдар алынып тасталсын;
      0203 СЭҚ ТН кодында:
      мына:
«

оның ішінде:


Канада

1 658

Америка Құрама Штаттары

4 258

Еуропалық одақ

1 286

басқалары

198

»

      деген жолдар алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов