Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезінде кедендік баждарды алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 533-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баждары туралы»;
1-тармақта:
«баж» деген сөз «әкету бажы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін мұнайдан» деген сөздер «Мұнайдан» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «Индустрия» деген сөз «Экономикалық даму» деген сөздермен ауыстырылсын;
3 және 3-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету бажы ставкалары белгіленсін.
3-1. Осы қаулымен белгіленген шикі мұнайға кедендік әкету баждарының ставкалары:
1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметімен немесе құзыретті органмен жасалған және міндетті салықтық сараптамадан өткен, шикі мұнайға кедендік әкету баждарын төлеуден босату көзделеген өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) бойынша жер қойнауын пайдаланушылар өндірген шикі мұнайды олардың әкетуіне;
2) роялти төлеуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар әкететін шикі мұнайды қоспағанда, шикі мұнайға кедендік әкету баждарын төлеуден босату көзделген өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) болып табылмайтын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар өндірген шикі мұнайды олардың әкетуіне қатысты қолданылмайды.»;
3-2-тармақта:
«Энергетика және минералдық ресурстар» деген сөздер «Мұнай және газ» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға қосымшада:
тақырыбында:
«баж» деген сөз «әкету бажы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін шикі» деген сөздер «Шикі» деген сөзбен ауыстырылсын;
«СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеуіші» деген бағанда:
«2709 00 900 0» деген сандар «2709 00 900 2, 2709 00 900 8» деген сандармен ауыстырылсын;
«2710 11 110 0 - 2710 11 900 0» деген сандар «2710 11 110 0 - 2710 11 900 9» деген сандармен ауыстырылсын;
«2710 19 510 0*** - 2710 19 550 0» деген сандар «2710 19 510 1*** - 2710 19 550 9» деген сандармен ауыстырылсын;
«2710 19 610 0 - 2710 19 690 0****» деген сандар «2710 19 610 1 - 2710 19 690 9****» деген сандармен ауыстырылсын;
«Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен)» деген баған жаңа редакцияда жазылсын:
«Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен)» «20», «99,71», «66,47», «66,47», «66,47»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкаларын есептеу ережесінде:
тақырыбында:
«баж» деген сөз «әкету бажы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін мұнайдан» деген сөздер «Мұнайдан» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақта:
«баж» деген сөз «әкету бажы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін мұнайдан» деген сөздер «Мұнайдан» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«баж» деген сөз «әкету бажы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Индустрия» деген сөз «Экономикалық даму» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-1-тармақта:
«баж» деген сөз «әкету бажы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
«Индустрия» деген сөз «Экономикалық даму» деген сөздермен ауыстырылсын;
«баж» деген сөз «әкету бажы» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың екінші абзацындағы «баж» деген сөз «әкету бажы» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
бірінші абзацтағы «баж» деген сөз «әкету бажы» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «баж» деген сөз «әкету бажы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«КБС» деген аббревиатура «КӘБС» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрышында:
«баж» деген сөз «әкету бажы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін мұнайдан» деген сөздер «Мұнайдан» деген сөзбен ауыстырылсын;
«СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеуіші» деген бағанда:
«2710 11 110 0 - 2710 11 900 0» деген сандар «2710 11 110 0 - 2710 11 900 9» деген сандармен ауыстырылсын;
«2710 19 510 0** - 2710 19 550 0» деген сандар «2710 19 510 1** - 2710 19 550 9» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 2-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрышында:
«баж» деген сөз «әкету бажы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін мұнайдан» деген сөздер «Мұнайдан» деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 3-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрышында:
«баж» деген сөз «әкету бажы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін мұнайдан» деген сөздер «Мұнайдан» деген сөзбен ауыстырылсын;
«СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеуіші» деген бағанда:
«2710 11 110 0 - 2710 11 900 0» деген сандар «2710 11 110 0 - 2710 11 900 9» деген сандармен ауыстырылсын;
«2710 19 510 0* - 2710 19 550 0» деген сандар «2710 19 510 1* - 2710 19 550 9» деген сандармен ауыстырылсын;
«2710 19 610 0 - 2710 19 690 0» деген сандар «2710 19 610 1 - 2710 19 690 9» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық Комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу жөніндегі шаралар туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов