«2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңының 13-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің «жалғыз терезе» қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсету жөніндегі ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомасын аударуды қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомасын уақтылы және мақсатты пайдалануды;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомасының пайдаланылуы туралы есептерді есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 3 шілдедегі
№ 696 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің «жалғыз терезе» қағидаты бойынша халыққа
қызмет көрсету жөніндегі ағымдағы нысаналы трансферттерді
пайдалану ережесі
1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің «жалғыз терезе» қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсету жөніндегі ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі 056 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне «жалғыз терезе» принципі бойынша халыққа қызмет көрсету үшін берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ағымдағы нысаналы трансферттер күрделі сипаттағы шығыстарды қоспағанда, халыққа қызмет көрсету орталықтарын ұстауға байланысты ағымдағы шығыстарға пайдаланылады.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің, жеке қаржыландыру жоспарының негізінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды жүргізеді.
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары жарты жылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.
5. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде есептілікті береді.