Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарының, қаржы полициясының, прокуратураның қызметкерлерін Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарына іссапарға жіберу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 826 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 29, 384-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
4-тармақта "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметі," деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов