Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесінде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«пневмококк инфекциясы»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Профилактикалық егу жүргізу ережесінде:
2-тармақта:
«егулерді» деген сөзден кейін «алғашқы медициналық-санитариялық көмекті,» деген сөздермен толықтырылсын;
«медициналық ұйымдар» деген сөздер «заңды тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) көрсетілген Профилактикалық егу жүргізу ережесіне қосымшада:
1-тармақтағы кесте мынадай мазмұндағы 15-бағанмен толықтырылсын:
«
Пневмококк инфекциясы |
15 |
+ |
+ |
+ |
».
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов