Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № 658 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ұлттық ғылыми медициналық орталық», «Құрмет белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты», «Академик Б.О.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы», «А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары тиісінше жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Ұлттық ғылыми медициналық орталық», «Құрмет белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты», «Академик Б.О.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы», «А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы» акционерлік қоғамдары (бұдан әрі - қоғамдар) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қоғамдар қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау және ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) қоғамдардың жарғыларын бекітуді;
      2) қоғамдардың Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      3) қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне беруді;
      4) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2010 жылғы 28 маусымдағы
№ 658 қаулысымен  
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірлері 9-6, 9-14, 9-15, 9-67-жолдар алынып тасталсын.
      2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      «Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-118-жолмен толықтырылсын:
      «21-118. «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ»;
      «Алматы қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 123-126, 123-127, 123-128-жолдармен толықтырылсын:
      «123-126. «Құрмет белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» АҚ
      123-127. «Академик Б.О.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы» АҚ
      123-128. «А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы» АҚ».
      3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулының қосымшасында:
      «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 227-3, 227-4, 227-5, 227-6-жолдармен толықтырылсын:
      «227-3. «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ
      227-4. «Құрмет белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» АҚ
      227-5. «Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы» АҚ
      227-6. «А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы» АҚ».
      4. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 529-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «Мемлекеттік кәсіпорындар» деген 1-бөлімде:
      реттік нөмірлері 5, 13, 14, 35-жолдар алынып тасталсын;
      «Акцияларының мемлекеттік пакеттері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне иелік етуге және пайдалануға берілген акционерлік қоғамдар» деген 4-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 66, 67, 68, 69-жолдармен толықтырылсын:
      «66. Ұлттық ғылыми медициналық орталық
      67. «Құрмет белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты
      68. Академик Б.О.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы
      69. А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы».
      5. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрілігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірлері 228, 232, 233, 251-жолдар алынып тасталсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген бағдарламалық құжаттарда көзделген міндеттерді орындау үшін құрылған мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 25-1, 25-2, 25-3, 25-4-жолдармен толықтырылсын:
      «25-1. Ұлттық ғылыми медициналық орталық 100%
      25-2. «Құрмет белгісі» орденді Қазақ кез аурулары ғылыми-зерттеу институты 100%
      25-3. Академик Б.О.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы 100%
      25-4. А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы 100%».