Техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді және оларға сараптама жүргізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 жылға арналған бөлінетін 004 «Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және оның сараптамасы» бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 534 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді және оларға сараптама жүргізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 жылға арналған бөлінетін 004 «Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және оның сараптамасы» бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 8 маусымдағы
№ 534 қаулысымен   
бекітілген      

Техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді және оларға
сараптама жүргізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің 2010 жылға арналған бөлінетін 004 «Республикалық
бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық
негіздемесін әзірлеу және оның сараптамасы» бюджеттік
бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік
инвестициялық жобалардың тізбесі

Р/с

Жобаның атауы

Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді және оның сараптамасын жүргізуді қаржыландыру көлемі (мың теңге)

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

1

«е-Статистика» интеграцияланған ақпарат жүйесін жасау және дамыту

15 000


Жиыны:

15 000