Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 216-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2010 жылға арналған мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 7 маусымдағы
№ 531 қаулысымен
бекітілген
2010 жылға арналған мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік
емес қарыздар қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын
инвестициялық жобалардың тізбесі
Р/с |
Жобаның атауы |
Жобаның жалпы құны (мың теңге) |
Іске асыру кезеңі (жылдар) |
Мемлекеттік кепілдіктің мөлшері (мың теңге) |
Қарыз алушы |
1 |
Қазақстан Ұлттық электр желісінің 500, 220 кВ кернеулі желілеріне жалғай отырып, 500/220 кВ «Алма» қосалқы станциясын салу |
29 967 598 |
2009-2013 |
13 080 507 |
«Электр желілері басқару жөніндегі қазақстандық компания» акционерлік қоғамы |