Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 334-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде:
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын, сондай-ақ бастапқы тіркеуге ұсынылатын автокөлік құралдарын басқару органдарының сол жақты орналасуы міндеттілігіне;».
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов