Сумен жабдықтау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтердi жеке тұлғалардың тұтыну көлемiнiң негiзделген шамасын айқындау ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 521 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.07.2013 № 690 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 13-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берiлiп отырған Сумен жабдықтау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтердi жеке тұлғалардың тұтыну көлемiнiң негiзделген шамасын айқындау ережесi бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.07.2013 № 690 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 7 маусымдағы
№ 521 қаулысымен   
бекітілген     

Сумен жабдықтау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтердi
жеке тұлғалардың тұтыну көлемiнiң негiзделген шамасын айқындау
ережесi

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.07.2013 № 690 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сумен жабдықтау жүйелерi саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтердi жеке тұлғалардың тұтыну көлемiнiң негiзделген шамасын айқындау ережесi (бұдан әрi — Ереже) «Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және сумен тұтынушылардың қаражатын үнемдеу мақсатында сумен жабдықтау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтердi жеке тұлғалардың тұтыну көлемiнiң негiзделген шамасын айқындау тәртiбiн белгiлейдi.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.07.2013 № 690 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
      1) абонент - тұрғын және (немесе) тұрғын емес үй-жайда сумен жабдықтау қызметтерін пайдаланушы бір және одан көп тұтынушы;
      2) сумен жабдықтау - суды жинауды, сақтауды, дайындауды, беруді және сумен жабдықтау жүйесі арқылы су тұтынушыларға таратуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы;
      3) су тұтыну көлемінің негізделген шамасы - ауыз суға және тұрмыстық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қажетті айына бір адамға шаққандағы су тұтыну көлемінің шамасы;
      4) су тұтынудың орташа айлық көлемі - айына бір рет бір жеке тұлғаға келетін су тұтынудың орташа көлемі;
      5) су шаруашылығы ұйымы - қызметі суды реттеуге, жеткізуге, молайтуға, сумен жабдықтауға, су бұруға және су объектілерін пайдалануға байланысты заңды тұлға;
      6) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Осы Ережеде пайдаланылған өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

2. Сумен жабдықтау саласындағы реттеліп көрсетілетін
қызметтердi жеке тұлғалардың тұтыну көлемiнiң негiзделген
шамасын айқындау тәртiбi

      Ескерту. 2-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.07.2013 № 690 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Су тұтыну көлемінің негізделген шамасын су шаруашылығы ұйымы есептейді және жергілікті атқарушы органмен (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігімен) келісімі бойынша уәкілетті орган әрбір су шаруашылығы ұйымы үшін жеке анықтайды.
      Егер су шаруашылығы ұйымы сумен жабдықтау қызметтерін екі және одан көп облыстардың аумағында көрсеткен жағдайда, су тұтыну көлемінің негізделген шамасын су шаруашылығы ұйымы әрбір облыс үшін жеке есептейді.
      Бұл ретте су тұтыну көлемінің негізделген шамасы сумен жабдықтау қызметтеріне сараланған тарифті бекітуге арналған өтінімді қарау кезеңінде қарастырылады және оны уәкілетті орган сумен жабдықтау қызметтеріне сараланған тарифті бекітумен бір мезгілде келіседі.
      4. Су тұтыну көлемінің негізделген шамасы судың ең аз көлемін тұтынатын алғашқы 30% халықтың арасында су тұтынудың ең жоғары орташа айлық көлемінен (N1) және судың ең аз көлемін тұтынатын алғашқы 70% халықтың арасында су тұтынудың ең жоғары орташа айлық көлемінен (N2) тұрады.
      5. Судың ең аз көлемін тұтынатын алғашқы 30% халықтың арасында су тұтынудың ең жоғары орташа айлық көлемін (N1) айқындау үшін өтінім беру алдындағы терт тоқсанда немесе алдыңғы күнтізбелік жылда суды тұтынудың текше метрдегі (м3) көлемі және тұратын (тіркелген) адам саны әрбір абонент бойынша - суды есептеудің жеке аспаптары бар абоненттер үшін осы Ереженің қосымшасына сәйкес мынадай кезеңдерге сәйкес таратылады:
      1) бір адамға суды орташа айлық тұтыну көлемі «Бір адамға суды орташа айлық тұтыну» бағаны бойынша ең азынан ең көбіне өсу бойынша сұрыпталады;
      2) «Тіркелген адамның саны» бағаны бойынша судың ең аз орташа айлық көлемін тұтынатын алғашқы 30% адам айқындалады;
      3) «Бір адамға суды орташа айлық тұтыну» бағаны бойынша судың ең аз орташа айлық көлемін тұтынатын алғашқы 30% халықтың арасында, судың ең көп орташа айлық көлемі бар.
      6. Судың ең аз көлемін тұтынатын алғашқы 70% халықтың (N2) арасында су тұтынудың ең жоғары орташа айлық көлемін айқындау үшін алдындағы төрт тоқсанда немесе алдыңғы күнтізбелік жылда суды тұтынудың текше метрдегі (м3) көлемі және тұратын (тіркелген) адам саны әрбір абонент бойынша - суды есептеудің жеке аспаптары бар абоненттер үшін осы Ереженің қосымшасына сәйкес мынадай кезеңдерге сәйкес таратылады:
      1) бір адамға суды орташа айлық тұтыну көлемі «Бір адамға суды орташа айлық тұтыну» бағаны бойынша ең азынан ең көбіне өсу бойынша сұрыпталады;
      2) «Тіркелген адамның саны» бағаны бойынша судың ең аз орташа айлық көлемін тұтынатын алғашқы 70% адам айқындалады;
      3) «Бір адамға суды орташа айлық тұтыну» бағаны бойынша судың ең аз орташа айлық көлемін тұтынатын алғашқы 70% халықтың арасында, суды тұтынудың ең көп орташа айлық көлемі бар.
      7. Бір адамға шаққанда су тұтыну көлемін есептеу кезінде су шаруашылығы ұйымы есепті ондық үлеске дейінгі дәлдікпен жүргізеді. Бұл ретте тұтынушылардың саны жақын жаққа қарай түзетіледі.
      8. Уәкілетті орган су шаруашылығы ұйымынан су тұтыну көлемінің негізделген шамасын есептеуге қажетті қосымша ақпаратты, оны ұсыну мерзімін көрсете отырып сұратуға құқылы.
      9. Су тұтыну көлемінің негізделген шамасын есептеуді қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган су шаруашылығы ұйымына келісу туралы хат жолдайды.
      10. Су тұтыну көлемінің негізделген шамасын қолданысқа енгізу сумен жабдықтау қызметтеріне сараланған тарифтерді қолданысқа енгізе отырып жүзеге асырылады.

Сумен жабдықтау саласындағы   
реттеліп көрсетілетін қызметтердi
жеке тұлғалардың тұтыну     
көлемiнiң негiзделген шамасын  
айқындау ережесiне        
қосымша              

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.07.2013 № 690 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Абонент

Тіркелген адамның саны

Суды есептеудің жеке аспаптарының көрсеткіштері бойынша он екі айда су тұтынудың жалпы көлемі

Суды есептеудің жеке аспаптарының көрсеткіштері бойынша су тұтынудың орташа айлық көлемі

Бір адамға су тұтынудың орташа айлық көлемі

№1





№2





№3