"Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 508 Қаулысы

Жаңартылған

      Индустриялық дамудың мемлекеттік саясатын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.
      2. Мыналар Қоғам қызметінің негізгі мәні болып айқындалсын:
      1) индустриялық саясат, қазақстандық өндірістерді жаңғырту және әртараптандыру, өнеркәсіптің және туризм индустриясының өңдеуші секторларында бәсекеге қабілеттілікті арттыру саласында зерттеулер жүргізу;
      2) өнеркәсіпті және туризм индустриясын дамытудың теориялық, әдіснамалық және практикалық мәселелеріне зерттеулер жүргізу;
      3) өнеркәсіп, туризм индустриясы салаларын қайта құрылымдаудың және салааралық кооперацияны дамытудың экономикалық факторларына зерттеулер жүргізу, өнеркәсіптегі, туризм индустриясындағы қайта құрылымдау және салааралық кооперацияны ынталандыру мен қолдау жөнінде шаралар әзірлеу;
      4) өндірістерді, туризм объектілерін әртараптандырудың экономикалық факторларына зерттеулер жүргізу және кластерлерді дамыту, өндірістерді, туризм объектілерін әртараптандыруды ынталандыру мен қолдау және кластерлерді дамыту жөнінде шаралар әзірлеу;
      5) жаңа өндірістер мен туризм объектілерін құрудың техникалық-экономикалық негіздемелерін және оларды аумақтық орналастыру схемаларын әзірлеу, инвестициялық жобалар бойынша сараптамалық қорытындылар әзірлеу, өңірлік өндірістік жүйелер мен туристік және өнеркәсіптік инфрақұрылымды қалыптастырудың және дамытудың тұжырымдамаларын әзірлеу;
      6) Қазақстанның өнеркәсіп және туризм индустриясы салаларының сегменттерін әлемдік өндірістік-шаруашылық жүйелеріне кіріктіруді қамтамасыз ету жөнінде, өнеркәсіп және туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөнінде ұсыныстар дайындау;
      7) мемлекеттік органдардың өнеркәсіпті және туризм индустриясын дамыту мәселелері бойынша заң жобаларын, салалық бағдарламаларды, мастер жоспарлар мен іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге қатысу;
      8) өнеркәсіпті және туризм индустриясын дамытудың экономикалық көрсеткіштерін бағалау мен олардың мониторингі үшін әдістемелер мен практикалық басшылықтар әзірлеу;
      9) өндірістерді оңтайлы орналастыру, кластерлерді дамыту, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар құру жөнінде ұсыныстар дайындау;
      10) өнеркәсіп және туризм индустриясы салаларын дамытудың негізгі үрдістерін болжау;
      11) экономиканың басым секторларын дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсету;
      12) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы салалық бағдарламалардың орындалу мониторингiне қатысу;
      13) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға басым тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiрыңғай картасын әзiрлеу мен өзектілендіру бойынша қызметтер көрсету;
      14) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға индустрияландыру картасының экономикалық тиiмдiлiгiн талдау бойынша қызметтер көрсету;
      15) озық технологияларды тарта отырып жаңа өндipiстep құруда қазақстандық кәсiпорындар мен ұйымдарға жәрдемдесу.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 № 1412 Қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен 2010 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 100 000 000 (бір жүз миллион) теңге мөлшерінде Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:
      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен бірлесіп, жарғыны бекітуді және оны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне берсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 3 маусымдағы
№ 508 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар

      1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж.,№ 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысудың мемлекеттік үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерінің тізбесінде:
      «Астана қаласы» бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-117-жолмен толықтырылсын:
      «21-117. «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ».
      2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулының қосымшасында:
      «Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 237-46 жолмен толықтырылсын:
      «237-46. «Қазакстандық индустрияны дамыту институты» АҚ».
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.