Индустриялық дамудың мемлекеттік саясатын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.
2. Мыналар Қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын:
1) өңірлердің индустриялық-инновациялық дамуын, салалық және интеграциялық аспектілерді қоса алғанда, экономиканың басым секторларын дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсету;
2) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға басым тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiрыңғай картасын әзiрлеу мен өзектілендіру бойынша қызметтер көрсету;
3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустрияландыру картасын сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсету;
4) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша қызметтер көрсету;
5) аумақтық кластерлерді дамытуда мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша қызметтер көрсету;
6) аумақтық кластерлерді дамыту процестерін сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсету;
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы өнеркәсіптік даму саласындағы консультативтік-кеңесші органның қызметін талдамалық және сараптамалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету;
8) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардан алынған статистикалық ақпарат пен деректерге талдау жүргізуді, сондай-ақ ұсыныстар мен сараптамалық қорытындылар әзірлеуді көздейтін индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды басқару бойынша қызметтер көрсету;
9) технологиялық болжау процесіне қатысу;
10) инновацияларды дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсету;
11) технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтарын құруға, басқаруға және үйлестіруге қатысу;
12) экономиканың басым секторларын технологиялық дамытуды ынталандыру үшін ақпараттық, білім беру және қаржы ресурстарын тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнату;
13) іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобалар, енгізілген технологиялар, технологиялық болжау бойынша жүргізілген талдамалық зерттеулердің нәтижелері туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;
14) технологиялар трансферті, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кадрлық, басқарушылық және өндірістік әлеуетін күшейту бойынша мемлекеттік қолдау тетіктерін іске асыруға қатысу;
15) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға сараптамалық қорытындылар және (немесе) ұсынымдар беру;
16) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық гранттар беру бойынша қызметтер көрсету;
17) технологиялық даму саласындағы ақпаратты жинауды жүзеге асыру және индустриялық-инновациялық жүйенің тиімділігін талдау;
18) сыртқы нарықтарға талдау жүргізу;
19) әлеуетті экспорттық нарықтарды іздеу және олардың тауарларын, көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарыққа ілгерілету мәселелері бойынша отандық экспорттаушыларға ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсету;
20) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша қызметтер көрсету.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.02.2019 № 75 қаулысымен.3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен 2010 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 100 000 000 (бір жүз миллион) теңге мөлшерінде Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен бірлесіп, жарғыны бекітуді және оны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне берсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 508 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж.,№ 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысудың мемлекеттік үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерінің тізбесінде:
"Астана қаласы" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-117-жолмен толықтырылсын:
"21-117. "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" АҚ".
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 237-46 жолмен толықтырылсын:
"237-46. "Қазакстандық индустрияны дамыту институты" АҚ".
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.