Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 376 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 507 Қаулысы.

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 12-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 376 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 139-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 164-жолмен толықтырылсын:

      "164. Шейх Халиф Бен Заид Әл Нахаян қоры".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов