Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесінің аумағын кеңейтудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 маусымдағы № 501 Қаулысы

Жаңартылған

      «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес және Қазақстанның ерекше қорғауды талап ететін бірегей табиғи объектілері ретінде Ақмола облысының флорасы мен фаунасының бағалы түрлерін, экожүйелерін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақмола облысының Бурабай және Еңбекшілдер аудандарының аумағындағы жалпы алаңы 46424 гектар, жер учаскелері соның ішінде мына санаттардағы жерлерден:
      су қорының жерлері - 3015 гектар;
      орман қорының жерлері - «Ақмола облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Бұланды орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесінің жалпы алаңы 43409 гектар жер учаскелері алынсын.
      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалануға «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Мекеме) берілсін.
      3. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген су қорының жерлері мен орман қорының жер учаскелері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің санатына ауыстырылсын, ал осы аумақта бар ормандар «мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің ормандары» мемлекеттік орман қоры санатына жатқызылсын.
      4. Ақмола облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мекеме жерлерінің төңірегіндегі күзет аймағын белгілеп, осы аймақ шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге теріс әсер ететін кез келген қызметке тыйым салсын және (немесе) шектесін.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2010 жылғы 1 маусымдағы
№ 501 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Бурабай»
мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесіне
тұрақты жер пайдалануға берілетін Ақмола облысының
аумағындағы жер учаскелерінің экспликациясы

Р/с

Жерлердің санаты

Алаңы, га

1

Бурабай ауданы -


1. Орман қорының жерлері (Бұланды орман
шаруашылығы мемлекеттік мекемесі),

7 138

оның ішінде: Жалайыр орманшылығы

5 290

Темнобор орманшылығы

1 848

2. Су қорының жерлері

1 375

жиыны

8 513

2

Еңбекшілдер ауданы -


1. Орман қорының жерлері (Бұланды орман
шаруашылығы мемлекеттік мекемесі),

36 271

оның ішінде: Жалайыр орманшылығы

11 736

Бұланды орманшылығы

12 129

Темнобор орманшылығы

12 406

2. Су қорының жерлері

1 640

жиыны:

37 911

Барлығы:

46 424