Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 мамырдағы № 496 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
      «Әкімдер аппараттарының штат саны (бірлік)» деген бағанда:
      «1,5-ға дейін» деген жолдағы «4» деген сан «5» деген санмен ауыстырылсын;
      «1,5-нан 3-ке дейін» деген жолдағы «4-5» деген сандар «5-6» деген сандармен ауыстырылсын;
      «3-тен 5-ке дейін» деген жолдағы «5-6» деген сандар «6-7» деген сандармен ауыстырылсын;
      «5-тен 10-ға дейін» деген жолдағы «6-8» деген сандар «7-9» деген сандармен ауыстырылсын;
      «10-нан 20-ға дейін» деген жолдағы «8-10» деген сандар «9-11» деген сандармен ауыстырылсын;
      «20-дан астам» деген жолдағы «10-12» деген сандар «11-13» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов