Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мемлекеттік мекемелерін қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 мамырдағы № 494 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - мекемелер) қайта аталсын.
      2. Мекемелерді қаржыландыру тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүргізіледі деп айқындалсын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1755 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 49-50, 590-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Комитеттің басшы құрамының үлгі лауазымдары санаттарының және оларға тиісті шекті арнайы атақтарының тізбесінде:
      «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ҚАЖ Комитетінің басқармалары бойынша» деген бөлімде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «ҚАЖ Комитетінің облыстар, Астана қаласы, Алматы қаласы және Алматы облысы департаменттері бойынша»;
      бүкіл мәтін бойынша «басқарма» деген сөз «дерпартамент» деген сөзбен ауыстырылсын.
      2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
      бүкіл мәтін бойынша «басқармасы», «басқармасының» деген сөздер «департаменті», «департаментінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      реттік нөмірі 11-жолдың 3-бағанында «22055» деген сандар «22646» деген сандармен ауыстырылсын.
      4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2010 жылғы 31 мамырдағы
№ 494 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қайта аталатын аумақтық
бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің
тізбесі

      1. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Ақмола облысы бойынша басқармасы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне;
      2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне;
      3. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша басқармасы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне;
      4. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне;
      5. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне;
      6. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне;
      7. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне;
      8. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне;
      9. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне;
      10. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне;
      11. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне;
      12. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне;
      13. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне;
      14. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне;
      15. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Астана қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне;
      16. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша басқармасының күзет және бақылау бөлімі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің күзет және қадағалау бөліміне.