Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 70-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 28 мамырдағы
№ 492 қаулысымен
бекітілген
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау саласындағы
мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін
қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету
ережесі
1. Осы Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 70-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету тәртібін регламенттейді.
2. Осы Ереженің әрекеті ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелерге (ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау нәтижесінде алынған өнімді өткізу және мемлекеттік сорт сынау саласында қызмет көрсету кезінде Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясына) (бұдан әрі - мемлекеттік мекемелер) қолданылады.
3. Мемлекеттік мекемелер тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» және 2003 жылғы 8 ақпандағы «Тұқым шаруашылығы туралы» заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік мекемелер өз қызметіне сәйкес келетін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініші (өтініш нысаны еркін) негізінде көрсетеді.
5. Өтініштерді және тиісті құжаттарды қабылдауды мемлекеттік мекеменің жауапты лауазымды тұлғасы жүзеге асырады.
6. Өтініш төмендегідей мәліметтер көрсетіле отырып, өтініш берушіге тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріліп, арнайы тіркеу журналында тіркеледі:
1) өтініш тіркелген нөмірлер мен қабылданған күндер;
2) ақылы негізде көрсетілетін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі қызмет түрі.
3) Қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
4) өтінішті қабылдаған жауапты лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты.
7. Қажетті құжаттардың тізімі, ұсынылатын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметке) баға прейскуранты мемлекеттік мекемелерде көрнекі ақпарат орындарына орналастырылады.
8. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлері мемлекеттік мекемеде белгіленген күн тәртібіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын ұсынылады.
9. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрін ұсыну үшін қажетті құжаттарды күтуге және дайындауға қолайлы жағдайлар жасалады (құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақтандырылады).
10. Клиенттермен қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысулар міндетті түрде фискалдық жады бар кассалық бақылау машиналары қолданылып және клиентке қорытынды чек беріліп, мемлекеттік мекемелердің кассалары арқылы мемлекеттік мекеменің «Ақылы қызметтерден түсетін қаражат» ағымдағы шотына аударылу жолымен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жүргізіледі.
11. Мемлекеттік мекеме ақылы негізде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) алған клиентке шот-фактура береді.
12. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алынған қаражатты пайдалануы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
13. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатудан түсетін қаражатқа салық салу тәртібі және салық жеңілдіктері мен алымдарды беру Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.