Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 27 мамырдағы № 479 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

1.

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

1 377

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

1 155

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы

56

«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы

22

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы

30

«Жидебай-Бөрілі» Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы

82

«Көне Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы

15

Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасы

280

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана

41

Қазақстан Республикасының Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасы

141

Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы

354

Алтын және қымбат бағалы металдар мемлекеттік мұражайы

25

«Тамғалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы

29

Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы

30

Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы

50

»; 

      реттік нөмірі 9-жолдың 3-бағанындағы «22808» деген сандар «22950» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

10.

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

359

Қазақстан Республикасының сауда өкілдігі

8

»;

      реттік нөмірі 11-жолда:
      3-бағандағы «22120» және «17732» деген сандар тиісінше «22055» және «17753» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы 30»; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы    50» деген жолдар алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 14-жолда:
      2-бағанда «Энергетика және минералдық ресурстар» деген сөздер «Мұнай және газ» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-бағандағы «726» және «87» деген сандар тиісінше «174» және «26» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы  71» деген жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі   10»;
      реттік нөмірі 15-жолда:
      2-бағандағы «сауда» деген сөз «жаңа технологиялар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-бағандағы «783» және «226» деген сандар тиісінше «1274» және «289» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасының сауда өкілдігі      8» деген жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы   71»;
      реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

18.

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі, оның аумақтық органдары және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

478

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпараттандыру министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

263

Орталық мемлекеттік мұрағат

63

Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағаты

16

Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты

16

Мемлекеттік мұрағаттардағы деректі материалдардың микрофото көшірмелерін жасау және қалпына келтіру орталық зертханасы

16

Құжаттану және мұрағат ісі жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығы

9

Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы

51

Ұлттық археография және мәліметтану орталығы

22

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты

70

». 

      2. Орталық атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов