Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 мамырдағы № 477 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 45, 564-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесінде:
      13.1-тармақта:
      «тасымалдаудың маусымдылығына» деген сөздерден кейін «және поездардың қозғалыс кестесінің өзгеруіне» деген сөздермен толықтырылсын;
      «поездардың құрамдылығына» деген сөздерден кейін «және қатынау кезеңділігіне» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов