2010 жылы байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 мамырдағы № 463 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 167-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2010 жылы байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 25 мамырдағы
№ 463 қаулысымен  
бекітілген     

2010 жылы байланысты гранттарды тартуға арналған
өтінімдердің тізбесі

Р/с

Жобаның атауы

Донор

Орындаушы агенттік

Жүзеге асыру кезеңі (жылдар)

Жобаның жалпы құны

Грант сомасы

Республикалық бюджеттен берілетін грантты қайта қаржыландыру сомасы


БҰҰ-ның мүгедектердің құқығы және арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету жүйесін дамыту туралы коңвенциясы шеңберінде мүмкіңдігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2010-2011

500 мың АҚШ доллары

220 мың АҚШ доллары

280 мың АҚШ доллары